Бағдат Мусин Зағипа Балиеваның қол астында қалай жұмыс істегенін айтып берді

ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің төрағасы Бағдат Мусин 2 000-шы жылдары Зағипа Балиеваның қол астында қалай жұмыс істегенін айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Бағдат Мусин Facebook желісіндегі парақшасында 7 жасар баланың дауына қатысты Зағипа Балиеваны даттағандарға жауап берді. Ол бала құқықтары жөніндегі омбудсменнің тек жақсы жақтарын атап көрсеткісі келетінін және оған даттағандарға үнсіз қарап отыра алмайтынын жеткізді.

«2 000 жылдары БТИ-дегі (Техникалық инвентаризация бюросы) сыбайлас жемқорлық туралы бәрі біледі. 2004 жылы Президент Электронды Үкімет құру керек екенін мәлімдеді. Алайда ол үшін негіз керек еді…

Жылжымайтын мүліктің Бірыңғай базасын енгізіп, жергілікті 16 базаны алып тастау туралы мәселе қозғалғанда, БТИ-дегілердің бәрі қиындықтар және Бірыңғай тізімдеме құрудың мүмкін емес екенін айта бастады. БТИ-дегілер мен облыстардағы әділет департаменттерінің директорлары маңызды жиналыста Бірыңғай базаның құрылуына қарсы болғаны әлі есімде. Ал Зағипа Балиева жиналысты тоқтатып, бірнеше адамды шақырды. Оның ішінде ІТ маманы ретінде мен де бармын. Сөз маған жеткенде, мен: «Иә, құрылған Бірыңғай база мінсіз емес. Олар (БТИ-дегілер) қашан да қарсы және базаның енгізілуіне қасақылық жасайтын болады. Себебі өздері отырған бұтақты шаба алмайды. Мұнда ерік-жігер керек», – дедім. Ол жиналысқа қайтып келіп, үстелді ұрып жібергендей болып, әскери дауыспен Бірыңғай базаны қолдана бастайтынымызды айтты. Ал бұйрықты орындамағандарға арыз жаза беруіне болатынын және ешқандай сылтауға жол жоқ екенін ескертті», – дейді Мусин.

Бағдат Мусиннің сөзінше, 2 000 жылдары сыбайлас жемқорлық жайлаған құрылымның күйреуіне Зағипа Балиеваның қажырлылығы мен табандылығы себеп болған.

«Дәл сол уақытта сыбайлас жемқорлық орын алған құрылымдардың бірі күйрей бастады. Бәріне түсінікті болу үшін, жемқорлықтың көлемі жөнінде түсінік беретін сандарды мысал етемін. Анықтаманы жылдам алу 100 доллар тұратын (бұл ресми мөлшерлеме емес). Ал келісімді жылдам уақытта жасасу мұнан да көп ақшаға бағаланатын.

Бұл оқиға бір ғана шешіммен жемқорлықты қалай жоюға болатынын және мемлекет азаматтарының  өмірін жеңілдетуге болатынын көрсетеді. Мұның бәрі маңызды сәттерде өз мойнына жауапкершілік ала білген мемлекеттік қызметкердің арқасында болып отыр», – деп жазды Мусин.

Оқи отырыңыз:

СІМ: Өзге ел азаматтарының визасыз келуіне рұқсат беруге хақымыз бар

Тілеухан 7 жасар баланың ісін жымын білдірмей жаба салайық деген пиғылдағы адамның бәрі – сыбайлас

ОҚО-дағы 7 жасар баланың ісіне қатысты қызық сәйкестіктер пайда болды

Алматы облысында әскерге барған жігіт өлім аузында жатыр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар