Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

СІМ: Өзге ел азаматтарының визасыз келуіне рұқсат беруге хақымыз бар

Қазақстан сыртқы істер министрлігі (СІМ) Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың “Қазақстанның АҚШ азаматтарына елге визасыз келуіне рұқсат беруі мәселесін талқылау керек” деген мәлімдемесіне жауап қайырды.

Бұл туралы «Азаттық радиосы» хабарлайды.

Қазақстандық ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, СІМ ресми өкілі Әнуар Жайнақов Қазақстанның өзге ел азаматтарына визасыз режим орнатуға “ерікті екенін” айтқан.

“Еуразия экономикалық одағы саяси бірлестік емес. Одақ туралы келісімді жасауда мүше елдер оны саясиландырудан және одақ құзырына ұлттық егемендікке қатысты мәселелерді қосудан бас тартқан” деді Жайнақов.

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, Сергей Лавров бұған дейін “Ресей – мүмкіндіктер елі” деп аталатын форумда Қазақстанның АҚШ азаматтарына визасыз елге келуіне рұқсат беру жайын “Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) аясында келісу қажетін” мәлімдеген. Лавровтың сөзінше, ЕАЭО-да визасыз жүріп-тұру ережесі бар.

Лавров форумда өзіне бұл туралы қойылған сұраққа қатысты жауабында Қазақстанның АҚШ азаматтарына визасыз режим орнатқанын “бұған дейін білмегенін” айтқан. Ол 16 наурызда Астанаға барған кезінде бұл мәселе жайлы қазақстандық әріптесімен сөйлесетінін де жеткізген.

Оқи отырыңыз:

Тілеухан 7 жасар баланың ісін жымын білдірмей жаба салайық деген пиғылдағы адамның бәрі – сыбайлас

ОҚО-дағы 7 жасар баланың ісіне қатысты қызық сәйкестіктер пайда болды

Алматы облысында әскерге барған жігіт өлім аузында жатыр

Маңғышлақ-Алматы пойызының жолсеріктері жолаушы әйелді босандырып алды

Талқылау