Бүгін Бақытбек Есентаевқа қатысты сот отырысы басталды

Сәрсенбі, 14 Қыркүйек , 2016 17:30

Қаскелеңдегі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта бүгін танымал продюсер Баян Есентаеваның өміріне жасалған қастандыққа қатысты сот отырысы басталды.

image-62

10 маусымда болған аты шулы оқиғадан кейін Баян Есентаеваның күйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынған еді. Арада үш ай өткеннен кейін, бүгін, 14 қыркүйекте оның үстінен қозғалған іс бойынша алғашқы сот отырысы болып өтті. Алғашқыда әйелінің денсаулығына қасақана зиянын тигізгені үшін айыпталған Есентаевқа кейіннен «Адам өлтіру» бабы бойынша айып тағылды.

Істі сот төрағасы Берікжан Байжүнісов қарастыруда. Ол Есентаевтың ісі бойынша отырыс алқабилердің қатысуымен өтетінін айтқан. Сондай-ақ, Байжүнісов Бақытбек Есентаевтың үстінен әйеліне сексуалды сипатта жәбір көрсеткені үшін арыз түскенін, сол себепті сот отырысының жабық күйде өтетінін мәлімдеген.

Енді оның ісіне ҚР қылмыстық кодексінің «Адам өлтіру» бабынан бөлек 120 «Зорлау» және 121 «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» баптары қосылған. Баян Есентаеваның өзі алғашқы отырысқа келмеген. Есесіне оның қызы Айсәуле сот отырысына қатысқан.

Айта кетейік, маусымның 10-ы күні Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, үш жерінен пышақтаған болатын. Артынша продюсерге 3 сағат бойы ота жасалып, күйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынған. Қайғылы оқиға Талғар ауданының трассасында болған. Продюсер маусымның 19-ы күні ауруханадан шығарылды. Ал жуырда танымал продюсер сұхбат беріп, 10 маусымда болған оқиға туралы өз аузымен айтып берді.

Жіберіп алмаңыз: 

Мәдина Балғабаева Баян Есентаева туралы жаңалықты еркінен тыс жариялағанын айтты

Қазақстандықтар Баян Есентаеваның батылдығына қайран қалды

Баян Есентаеваның эксклюзивті сұхбатының жалғасы шықпақ

Айсәуле Бақытбек қайырымдылықпен айналыса бастады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар