Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айсәуле Бақытбек қайырымдылықпен айналыса бастады

Танымал продюсер Баян Есентаеваның тұңғыш қызы Айсәуле Бақытбек қайырымдылықпен айналыса бастады. Ол мұсылмандар үшін ең қасиетті мереке саналатын Құрбан айтта киімге мұқтаж жандарға көмектесуді жөн көріп отыр.

13643604_1768096233445864_1737385546_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Мына қасиетті күндері көмекке мұқтаж жандарға кішкентай болса да өз көмегімді тигізсем деймін. Менде де, менің достарымда да, сіздерде де киілмейтін немесе сыймай қалған киімдер жетерлік. Олардың бізге қажеті болмағанымен, киімге мұқтаж бола тұра оны алуға мүмкіндігі жетпейтін жандар көп. Кішкентай балаларға қолдан келгенше көмектесейік. Егер мүмкіндіктеріңіз болса, жаңа киім мен ойыншық алып келсеңіздер де болады. Ертең Абылай хан көшесі 79-үйде (Гоголь көшесімен қиылысы) киімдер қабылданады. Мен достарыммен бірге Love cinema cafe-де сіздерді 17:00-ден бастап күтемін. Әр адам бір тамшыдан өз үлесін қосса, сол тамшылардан мұхит құралар еді», – деп жазды Айсәуле желідегі парақшасында.

Одан кейін Есентаеваның қызы өзінің де, достарының да ешқандай қайырымдылық мекемеге мүше емес екендігін, бұл іске ерікті түрде барып отырғандығын мәлімдеді. Желі оқырмандары Айсәуленің бастамасына сәттілік тілеп, ризашылығын білдірді.

Жіберіп алмаңыз: 

Баян Есентаеваның қызы сотта әкесін қорғайды

Кәмшат Жолдыбаева жаттығу жасаймын деп сынның астында қалды (видео)

Оңтүстік жастары: “Ninety one” тобына қарсымыз, Шымкентте концерт өткізуіне жол бермейміз (видео)

 

Талқылау