Баян Есентаеваның қызы сотта әкесін қорғайды

Сәрсенбі, 14 Қыркүйек , 2016 13:30

Танымал продюсер Баян Есентаеваның қызы Айсәуле Есентаева сотта әкесін қорғайтын болады. Бақытбек Есентаев әйелін өлтіруге әрекеттенді деген бап негізінде жауапқа тартылып отыр.

image-67

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Есентаеваны өлтіруге әрекет жасады деген айыппен жауапқа тартылған Бақытбек Есентаевқа қатысты сот отырысы жабық режимде өтеді. Сәрсенбі күні бұл іс бойынша алдын-ала тыңдау өткізілген еді.

“28 қыркүйек күні кезекті сот отырысы өтеді. Сол күні басты сот ісі қаралады. Ал Есентаеваның қызы Айсәуле Есентаева айыпталушының қорғаушысы. Ол сотта осы позицияда қатысады”, – деді айыпталушының адвокаты Бекболат Жексейітов.

Бұған дейін Айсәуле өзінің Инстаграмдағы парақшасында аталған оқиғадан соң әкесінің өте тамаша, адал жан болғанын айтып жазба қалдырған еді. Сот ісі журналистер үшін жабық режимде өткізіледі.

Жуырда танымал қазақстандық продюсер Баян Есентаева әріптесі Динара Сәтжанға сұхбат беріп, 10 маусымда болған аты шулы оқиға туралы өз аузымен айтып берген еді. Продюсер бұл сұхбатқа амалсыздан келіскенін айтып қынжылды әрі БАҚ өкілдеріне ренішін жасырмады.


Оқи отырыңыздар:

Мәдина Балғабаева Баян Есентаева туралы жаңалықты еркінен тыс жариялағанын айтты

Қазақстандықтар Баян Есентаеваның батылдығына қайран қалды

Баян Есентаева: Күйеуім мені ұрып жатты, мен одан балаларымызды ойлауды сұрадым

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

10
Комментариев
  • Анонимно says:

    Жел турмаса шөптің басы қимылдайды. ….

  • Анонимно says:

    Жаман болсада әкесі гой

  • Анонимно says:

    Ақымақ қыз екен, біркүні әкесі оған да қол көтереді, көрер сонда оның қандай жестокий екенін, бірақ кеш болады ол кезде. Әкесі енді осы қызына жалынып, өмір бойы осы қыздың етегіне жармасады, құмар ойынға ақшаны кім береді? Баян енді жоламайды, ал мына ақымақ қызы байға тиіп құрымаса, Баянның кебін киеді, ақшасын судай шашады, бермеген кезде ұрып жығады. Айсәулеге үйленген жігіттің маңдайының соры бес елі

  • Анонимно says:

    Баян Есентаеваны не ушын олтырмекшы болды.Куйеуы

  • Анонимно says:

    Негізгі отбасына араласудың қажеті жоқ. Отбасы мəселесін өзара шешу керек. Екі адамда кінәлі. Жел тұрмаса шөптің басы козғалмайды. Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді. Менім айтканым кінə болса АЛЛА кешірім сұраймын.

  • Анонимно says:

    Баян Есентаевага онай тимейди. Балаларвнын акеси. алга журсе огиз оледи,артка журсе арба сынады. мен бул маселенин талкыга тускенине ризамын. Баян озинин омиринин мысалында соккы жеп отырган каншама казак кызына улги корсетеди. Ол озинин кукыгын коргай алса, мундай жагдайларда баскалар аягын тартып журеди. Алла жар болсын.

  • Анонимно says:

    Ееее.ешкымнiн басына салмасын .бiрак кыздары Анасын колдауы керек акымак болмаса.

  • Анонимно says:

    Əрине солай соттан жеңіп шығып. Түк болмағандай жүре береді. Баянның идеясы шығар

  • Анонимно says:

    Сол Баянның әңгімесі бітпеді-ау!! Жер мәселесі мен басқа да маңызды проблемаларды осынша уақыт талқыламап еді!! Есітуге ұят

    • Анонимно says:

      Ма куйеуы онбаган екеен Баян ханым оте тамаша Жан екенын бары бледы .бундай жагдай меным басымнан откен мен брак екы балам ушн кешргем .Баян ханым га тек кана айел бакытын тлеймн

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар