Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүркіттің қарындасы жезөкшенің рөлін сомдауына не себеп болғанын түсіндірді

Таяуда блогер Әсел Асқардың жезөкшенің рөлін сомдаған видеосы пайда болып, жұрттың ашуын келтірген еді. Мұнан кейін блогердің тарапына жағымсыз пікірлер қарша бораған. Оны Асқарованың өзі де мойындайды. Сондықтан мұндай қадамға неліктен барғанын түсіндіруді жөн көрді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бүркіттің қарындасы «жезөкшенің» рөлін сомдауына не себеп болғанын түсіндірді

Еске сала кетсек, Әсел Асқар өзінің атынан ойнатылып жатқан кезекті “гивінің” жарнамасында жеңіл жүрісті қыздың рөлін сомдаған. Сюжет бойынша, Әсел ақша табу үшін арын сатады. Сөз соңында мұндай жолмен ақша тапқанша, өз байқауына қатысуға шақырады.

Көпшіліктің ашуын келтірген әрекетін түсіндірген блогер мұның тек образ екенін атап өтті.

«Шығармашылық тұлға болғандықтан, алдағы уақытта алдарыңызға түрлі образда шығатын боламын. Әр түрлі қыздың тағдырын көрсетемін. Бұл мен тыр жалаңаштанып шешініп тастайды деген сөз емес. Өзімнің әр түрлі қырымды көрсеткім келеді. Әдеттегі стилімнен алыстап, мүмкіншілігімді байқап, шығармашылық қызметімде тәжірибе жинақтаймын. Маған өзіммен жұмыс істеуім керек. Кез-келген рөлге еніп кете алуым тиіс. Бір орында тұрғым келмейді. Мен үшін бұл тым зеріктірерлік», – дейді Әсел Асқар.

Сонымен қатар блогер роликке өзінің сүйіктісі де қатысып, қолдау білдіргенін айтты.

«Мен үшін бұл маңызды еді. Ол бұл роликке түсуме қарсы болып, кедергі жасаған жоқ», -дейді ол.

Сондай-ақ Әсел сөз соңында гивтегі рөлінің артықшылықтары мен кемшіліктерін ескергенін жеткізді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау