Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Азаматтар медициналық сақтандыруға салым салғанда қандай қателік жібереді?

Қазақстанда шілде айынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылды. Ақмола облысының тұрғындары да өз салымдарын сала бастады, бірақ сарапшылардың айтуынша, азаматтар салым аударған кезде қателіктерге бой береді.

омс-5

Жаңа жүйенің енуі туралы мәселелер Кәсіпкерлер палатасының отырысында талқыланды. Жиынға денсаулық сақтау саласының шенеуніктері, мемлекеттік органдардың басшылары және кәсіпкерлер қатысты, деп хабарлайды Вnews.kz.

Қателердің бірі ТАӘ, ЖСН, деректемелерін толтырған кезде жіберіледі.

«Біз салымдарды айдың соңында болады деп күттік. Бірақ ақмолалықтар мұны айдың басында бастап кетті. Төлемге қатысты мәселелер бар. Төлеу үшін сізге «Қазпошта» бөлімшесіне, не болмаса екінші деңгейлі банктерге барып, ТАӘ, ЖСН көрсетіп, форманы толтыру керек. Құжаттың дұрыс толтырылуы өте маңызды. Кейін 2-3 күн өткен соң ақшаның қайтарылмағандығын тексеру керек. Егер ақшаңыз қайтып түссе, демек дұрыс толтырылмаған», – деді Ақмола облысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының директоры Н.Ақылбеков.

Айта кетейік, жаңа жүйенің ерекшелігі – әрбір азаматтың ай сайынғы кірісінің белгілі бір пайызы медициналық сақтандыруға бөлініп отырады, кейін ол медициналық қызметтерді тегін қолдана алады. Ал статусы жоқ және есепшотында кірісі жоқ азаматтарға 2020 жылдан бастап медициналық көмек қолжетімсіз болады.

Реформа аясында әлеуметтік салада жаңа мекеме – Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры құрылды. 10 шілдеден бастап облыстарда филиалдары ашылды. Оның қызметі: қаржылық аударымдарды топтау, медұйымдардың бірыңғай тіркелімін жасау, медициналық қызметтерді көрсетуді бақылау. Қазіргі уақытта қор филиалы заңды тіркеуден өтіп жатыр.

МӘМС аясында жұмыс берушілер, қызметкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар және мемлекет аударым жасайды. Мемлекет азаматтардың 14 санаты бойынша, оның ішінде көп балалы аналар, зейнеткерлер, мүгедектер, әскери қызметкерлер және т.б. өзіне алады.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы болу үшін емхананы таңдау, өз статусыңды анықтау және қорға жүйелі түрде әлеуметтік аударымдар салып отыру керек. Қазіргі уақытта 750 мың ақмолалық емханаларға тіркелген.

Жұмыс берушілер Нұрлан Ақылбековке көп сұрақ «жаудырды». Кәсіпкеркерлер Қазақстан азаматы емес, жалға жұмыс істейтін шетел азаматтарының, зейнеткер кәсіпкерлердің салымдары туралы білгісі келді. Ерікті медициналық сақтандыру туралы, жұмыс істемейтін жеке кәсіпкерлігі болған жағдайда, жергілікті мекенжайынан басқа жерде болған кезде жағдай қандай болады деген сұрақтар да қойылды.

«Қызметкерлердің аударымы туралы сұрақ өте өзекті. Өйткені, Қазақстанда түрлі қызмет атқарып, жалдамалы жұмыс істейтін өзге мемлекет азаматы көп. Бұл сұраққа әзірге жауап табылған жоқ. Бірақ мен жүйеге оң көзқараспен қараймын. Өйткені, дамыған елдердің көбісінде денсаулық сақтау жүйесі сақтандыруға негізделген. Медициналық қызмет сапасының жақсаруына әсер етеді деп ойлаймын. Бұл – біздің ақшамыз, біз оны бақылауда ұстаймыз. Жүйе емделушілердің өз денсаулығына деген жауапкершілікті де жоғарылатады», – деп есептейді «Автомир Яссо» ЖШС бас бухгалтері Маурина.

Тағы да оқыңыз:

Он саусағынан да айырылған қызылордалық тігін тігіп, ау тоқиды (фото)

Атырау көшелерінде жатыпішерлер жайлы әлеуметтік жарнамалар пайда болды (фото)

Сүйіктісі Дана Нұржігітті ұзатып алып кетті (фото, видео)

Колледжде қалай тегін оқуға болады?

Талқылау