Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Он саусағынан айырылған қызылордалық азамат тігін тігіп, ау тоқып жүр (фото)

Сыр өңіріндегі Абай ауылының тұрғыны Оңдашбай Өтеміс он саусағы болмаса да тігін тігіп, ау тоқып жүр.

20170726122824

Жасы қырықтан асқан Оңдашбай тігін тігуді жастайынан үйренген еді. Əсіресе, ол құлақшын, тымақ тігудің хас шебері. Бас киім мен киімге тапсырыс беріп, тіктіретіндер де көбейген болатын. Осындай күндердің бірінде, қаңтардың қақаған аязында Оңдашбай далада мал бағып жүріп атынан қалың қарға оңбай құлайды. Аяз жайлап, үскірік ескен сол күні саусақтарын үсік шалады деп хабарлайды Baq.kz.

1592475

«Тағдырдың жазуы осылай болар, екі қолдағы он саусақ үсіп қалғасын дәрігерлердің кесіп тастауына тура келді. Басында қатты қиналдым. Он екі мүшеңнің сау болғанына жетпейді ғой, тірлік істеуден қалдым. Бірақ бұл сынақ. Оған төтеп беру керек болды», – дейді Оңдашбай.

20170726124030

Өтемісті қиналған сәттерінде жары Қиғаш өмірден баз кештірмей, көмек көрсетіп, жігерін жаныды.

«Алғашында қолының, яғни саусақтарының шолақтығына қуыстанып, көпшілік жерге баруды қойған. Отағасы келе-келе оңала бастады. Қайратты, еңбекқор азамат қой. Әр іске икемі бар. Оның үстіне, төрт ұлдың әкесі қол қусырып қарап отырғанды құп көрмей, ескі кәсібіне қайта оралды», – дейді жары Қиғаш.

eu01001

Тігін машинасын қайта қолға алған Оңдашбай құлақшыннан өзге көрпе, перде, масахана секілді дүниелер тігеді. Сонымен қатар, «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт ау тоқиды. Бақшасын өсіріп, өнімін де сатады. Қорасындағы азын-аулақ малын бағып, балаларының ауызын аққа тигізіп отырған жайы бар. Ақынжанды азамат ескі қойын дәптерін әкеліп, өзі шығарған жыр жолдарын да оқып берді.

20140809115712

«Мына күйіме түспей тұрғанда ән айтып, домбыра шертетін едім. Ал қазір кос ішекті қара домбыраны тарта алмаймын. Шүкірлік етемін. Еңбекке жарамдымын. «Қолы қимылдағанның, ауызы қимылдайды» демей ме, табандылықпен тірлік етсең, ас та табылады. Мен қолымнан келгенінше жұмыс істеп жатырмын. Саусақсыз қиын, дегенмен «әрекетке – берекет», әбден машықтанып кеттім. Ендігі арманым – мемлекет тарапынан қаржылай қолдау болса, кәсібімді одан әрі жандандырар едім. Балаларым да ержетіп келеді. Оларды да кәсіпке баулып, өз күнін өзі көруге үйреткім келеді», – дейді Оңдашбай Өтеміс.

Тағы да оқыңыз:

Атырау көшелерінде жатыпішерлер жайлы әлеуметтік жарнамалар пайда болды (фото)

Сүйіктісі Дана Нұржігітті ұзатып алып кетті (фото, видео)

Колледжде қалай тегін оқуға болады?

Талқылау