Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау көшелерінде жатыпішерлер жайлы әлеуметтік жарнамалар пайда болды (фото)

Суретші Аңсаған Мұстафаның суреттері Атырау көшелерінде әлеуметтік жарнама ретінде қойыла бастады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

20170726122918

Атырауда әзірге Аңсаған Мұстафаның жұмыстары бейнеленген төрт билборд орналастырылды.

20170726122820

Суреттің бірінде анасының зейнетақысына күнелтетін ұлы бейнеленген. Екінші суретте төсекте жатып алып жұмыс іздеген ер адам бейнеленген. Бұл бүгінгі қоғамның көрінісі.

«Бүгінгі қоғамдағы адамдардың кемшілігін әжуалайтын жұмыстар жасау туралы ұсынысты қала әкімінің орынбасары Мейірім Қалауи айтты. Мен бұл ұсынысты қуана қабыл алдым», -деді Аңғсаған Мұстафа.

20170726122812

«Аңсаған бізге 50-ге жуық жұмысын жіберді. Әлеуметтік жарнамалардың көпшілік назарын аударта алғанын  көріп отырмыз. Бұл суреттер жайлы әлеуметтік желілерде де көп жазыла бастады. Сондықтан мұндай суреттерді алдағы уақытта да қала көшелеріне іліп қоюды жалғастыра береміз», – деді Қалауи.

20170726122824

Тағы да оқыңыз:

Келіншек екінші күйеуін көңілдесінен қалай ажыратып аларын білмей жүр

Алып қашудың құрбаны: Үйге кетейін десем, әке-шешемді жерге қаратамын деп қорқамын

Бойжеткен жігіттерді аузына қаратқан туған сіңілін қызғанып жүр

Талқылау