Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айнұр Тұрсынбаева: Менімен ата-әжелері қайтыс боп кеткен жастар суретке түседі

Айнұр Тұрсынбаева танымал айтыскер ақын Аспанбек Шұғатаевтың қалыңдығын ұзатты. Тұрсынбаева әріптесінің өтінішін орындау үшін арнайы Павлодар өңіріне барған, деп жазады Stan.kz тілшісі.

Айнұр Тұрсынбаева

Бұл орайда Айнұр тойға барған кезде өзімен суретке түскісі келетін жанкүйерлері жайлы сөз қозғады.

Тұрсынбаева көп жағдайда мұндай ұсыныс ата-әжелердің тарапынан түсетінін жасырмады. Ал жастар ішінде тек ата-апаларының өтінішін орындағысы келетіндердің селфиге сұранатынын ашып айтты.

“Әйтеуір тойға барсақ фотоға еркектер Еркемен түседі, қыздар Қайратпен түседі, келіншектер Мейрамбекпен түседі, апайлар Досымжанмен түседі, ағалар Алтынаймен түседі, балалар Сәкенмен түседі. Менімен түсетін сол апалар мен аталар.. Жастар да түседі әрине, бірақ “сізді қайтыс боп кеткен атам қатты жақсы көретін еді немесе сіздің суретіңізді көрсетіп апамды қуантайыншы” дейді.

Айналып кетейін апалар мен аталардан. Бүгін Павлодарға атақты ақын Аспанбектің қалыңдығын ұзатуға келсем Сәкен келмей қалыпты, соны пайдаланып балалармен емін-еркін түсіп алдым. Ал, тағы кімнің апасы мен атасы мені жақсы көреді, жазыңыздар!” – дейді ақын.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау