Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айнұр Тұрсынбаева еркектерге әйелдің көңілін қалай табуға болатынын айтты

Айтыстың аққуы атанған Айнұр Тұрсынбаева әйелді қалай разы етуге болатынын айтып, ерлерге кеңес берді. Ақынның айтуынша, әйелдің көңілін табу үшін оған үй шаруасымен көмектесіп қажет емес. Ерлер ештеңе істемей-ақ қойса да разымыз, дегенді алға тартты ол.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Әйелдерге жәннатқа бару оңай, күйеуiнiң разылығын алса болды” деп жатады. Ал, Сiздерге еркектiң көңiлiн табу оп-оңай деп кiм айтты?! Оның қабағына қарап, тамағын дайындайсыз, киiмiн жуып, үтiктейсiз, 9 ай 10 күн көтерiп ұрпағын дүниеге әкелесiз, жұмыстан шаршап келгенде балаларды шулатпай диванда жатып демалуына мүмкiндiк жасайсыз, бiр жаққа кететiн болса киiм кешегiн дайындап, тазалап шығарып саласыз. Үйге келгенде тамақ сәл кеш дайын боп қалса бiттi, оның қабағы ашылмай, “кешке дейiн не бiтiресiң осы” деп өкпелейдi де қалады… Бiрак олардын разылыгын алмасаң тағы болмайды”, – деп бастады сөзін танымал ақын.

Бұдан кейін, Тұрсынбаева әйелдің көңілін табу үшін қандай амал жасау керектігін айтты.

“Ол үшін не істеу керек?! Ештеңе iстемей-ақ қойыңыз…(Үй шаруасына араласпаңыз, ас бөлмеге кiрмесеңiз де болады, әйелдер жағаласа берген еркектi жақтырмайды негiзi) Тек, үйге күлiмдеп кiрiп “жаным, сенi жар қылып алған мен қандай бақыттымын” десеңiз болды ғой. Әйел байқұс мәз болып шапқылай бередi. Ал ендi қолыңызда бiр тал гүл болса… Онда осынау жердiң бетiнде Сiздiң жарыңыздан бақытты адам жоқ! Оңай ғой иә, жiгiттер?” – деп түйіндеді сөзін Тұрсынбаева.

Жіберіп алмаңыз:

Қайын атасы: Баян соттан жылап тұрып экс-күйеуін түрмеге жаппауды сұрады

Заттыбек Көпбосынұлы 80-ге келген әкесі мен жалғыз қызына дүркіретіп той жасады (видео)

Қазақ әнін шырқаған әйгілі Шахзода тыңдармандарды сүйсіндірді (видео)

Әріптестері парамен ұсталған Ерлан Біләлді қолдады

Талқылау