Айгүл Иманбаева: Сәбиттің ата-анасына әлі күнге дейін сәлем салып, “мама, папа” деймін

Сәрсенбі, 4 Қазан , 2017 13:04

Айгүл Иманбаева бұрынғы ата-енесімен әлі күнге дейін жақсы араласатынын айтып, жұртты таңғалдырды. Ол экс-жары Сәбит Әбдіхалықовтың ата-анасына әлі күнге дейін сәлем салатынын, тіпті, ол кісілерді “мама, папа” деп атайтынын тілге тиек етті.

Бұл туралы Иманбаева “Еуразия” арнасының “Қалаулым” бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz.

Актриса өзінің бірінші рет тұрмысқа шығуын балалыққа теңеді.

“Осы күнге дейін екінші рет тұрмыс құруға талай мүмкіндік болды. Күні бүгінге дейін ол мүмкіндік бар. Менің бірінші тұрмысқа шығуым – балалық. Мен ол жігіттің уысына, баламның әкесіне 17-18 жасымда түстім. 21 жасымда баламның жасы 1-де болды. Қазір ұлым 19-да”, – деді Иманбаева.

Айгүл жарымен айырылысып кетсе де, ата-енесімен ренжіспегенін атап өтті. Сондықтан да ол кісілерді әлі күнге дейін екінші ата-анамдай көремін дейді ол.

Менің ажырасып кеткеніме биыл тура 20 жыл болады. Мен 20 жылдан бері бұрынғы ата-енеме «мама-папа» деймін, бұрынғы ата-енеме күні бүгінге дейін шымкентше сәлем саламын. Ол менің үлкен кісіге деген құрметім. Сенбесеңіздер, оны ата-енем де жоққа шығармайды. Өйткені мен ол кісілермен шайлескен жоқпын, ұрысқан жоқпын. Келін болған күннің өзінде бірге тұрған жоқпыз ғой, соның өзінде бара қалсақ орамалды тағып жіберіп, өзбекше киініп…

Менің нем кетеді? Мамалап жүріп, алдайтын жерде алдай салам, еркелейтін жерде еркелеймін, кейде еркелеп отырып жұмысты өзіне істетіп қоятынмын. Менің бір құрбым айтушы еді, еркелету арқылы Есілдің мұзын да ерітуге болады деп. Шынымен, еркелеп отырып, күйеуіңе де, ата-енеңе де жағуға болады”, – деген Иманбаева жас келіндерге ата-ененің көңілін қалай табуға болатынын айтты.

“Біз бәрібір кәріс, орыс не тәжік бола алмаймыз. Қазақтың өзінің қанына, жанына біткен, ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрі, барлық нәрсені бойға сіңірген қазақпыз. Неге біз ол үрдісті жоғалтуымыз керек? Қазір дүбәраланып бара жатқан жастарымызды көргенде «Әттеген-ай» деп қарның ашады. Неге сәлем сала салмасқа? Онда тұрған не бар? Неге орамал таға салмасқа? Неге ертерек тұрып, шайыңды құя салмасқа? Оның бәрі ертеңгі күні алдыңыздан шығады міндетті түрде, Алланың есебі түгел. Қазір сол кісіге құрмет көрсете салсаңыз, ертең сізге де солай жасайды. Мұны аспаннан емес, өз өмірімнен айтып отырмын. Күні бүгінге дейін қай жерге барсам да есік ашық, қайда барсам да «апатайлап» сыйлап тұрады”, – деп түсіндірді Әбдіхалықовтың экс-келіншегі.

Жіберіп алмаңыз:

Перизат Омарова: Арыстан Баб аян беріп, Марат Омаровтың жарым болатынын айтты

Қайрат Нұртастың әкесі отбасын асырау үшін дәретхана жуған кездерін еске алды

Сәкен Майғазиев: 3 жұмысымның айлығын әйелім алады

Айгүл Иманбаева мектеп оқушысымен бірігіп бейнебаян түсірді (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.01.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар