Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйел банктегі қарызын төлемеу үшін адам танымастай өзгеріп кетті

Банктен 644 670 000 теңге несие алған краснодарлық кәсіпкер әйел, кредиторлардан алған қарызын қайтармау үшін сырт келбетін адам танымастай етіп өзгерткен.

Әйел банктегі қарызын төлемеу үшін адам танымастай өзгеріп кетті

Бұл туралы life.ru-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды

Қарызға белшесінен батқан әйел сот орындаушылардан құтылу үшін айтарлықтай салмақ тастап, шаш үлгісін өзгертіп, тіпті басқа түске бояп тастаған. Қарыз берушілерден осылайша құтылмақшы болған кәсіпкер онымен қоймай Сібірге көшуге бел буды.

Дегенмен, ол Омбыға теміржол билетін сатып алғанда, өзін ұзақ уақыт бойы сот орындаушылардың іздеп жүргенін ескермеді. Кәсіпкер әйелдің банктегі қарызын төлемеу үшін басқа қалаға қашып бара жатқанын білген сот отырдаушылар оны дәл вокзалда қолға түсірді.

«Жол жүріп бара жатқан жолаушылардың арасынан борышкерді табу оңайға соқпады.Қолданыстағы бағдармен салыстырғанда әйел айтарлықтай салмақ тастап, шашының түсін өзгерткен. Жолаушылар алаңындағы азаматшаның іздеудегі борышкер екенін анықтауға полиция қызметкерлерінің құжаттарды тексеруі көмектесті», – делінген Краснодар аймағының Федералды сот орындаушысының хабарламасында.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау