Әйел адамды артынан теуіп жіберіп әзілдеген жігіт 23 млн теңге өтемақы төлейтін болды

Испанияда Марио Гарсиа Монтеалегре есімді 24 жастағы жігіт сәтсіз әзілі үшін, өзін сотқа тартқан әйелге 60 мың еуро (23 млн теңгеден аса) төлейтін болды. Жігіт әзілдемек болып, 48 жастағы әйелді артынан теуіп жіберген. Ал құлап қалған әйелдің жіліншігі созылып, тізесі мен білегіне зақым келген.

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Әзілдемек болып, әйелдің артынан теуіп жіберген жігіттің видеосы желіде таралып кеткен соң, каталондық полиция жігітті іздестіре бастаған.

Тәртіп сақшылары ролик жариялап, тұрғындарды жазықсық адамдарға шабуылдауды қалыпты санайтын жігітті тұтқындауға көмектесуге үндеген.

Нәтижесінде Марио Гарсиа Монтеалегре полиция қызметкерлерімен тұтқындалды.

Ал прокурор жігіттен сәтсіз әзілінен зардап шеккен әйелге 45 мың еуро  (17 миллион теңгеден аса) көлемінде өтемақы төлеуін талап етті. Өз кезегінде Монтеалегре 15 мың еуро (шамамен 6 миллион теңге) артық өтемақы ұысыныпты.

Осылайша жас жігіт өзінің өкінетінін білдіргісі келген екен. Ал сәтсіз әзілдің құрбаны болған әйел бұл оқиғаға қатысты пікір білдірмеді.

Оқи отырыңыз:

Бұхара қаласында азан шықырылған мұнарадан «жын ұлыды» (видео)

Болашақ күйеу баласын сынау үшін оны сабап тастаған әйел жұрттың жағасын ұстатты (видео)

Ескі телефонды сыйға алған қаңғыбас әлеуметтік желіде жұлдызға айналды

Бүкіл денесіне татуировка жасатқан ер адам бастауыш сынып оқушыларына сабақ беріп жүр (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар