АЭФ-тің тікелей эфирі кезінде ер адам тележүргізушінің бетінен сүйіп алды (видео)
Астана экономикалық форумының тікелей эфирі кезінде қызықты жайт орын алды. Тікелей эфирде форум туралы айтып тұрған тележүргізушіні белгісіз ер адам сүйіп алды, деп хабарлайды Stan.kz.

КТК телеарнасының күндізгі жаңалықтар эфирінде елордалық бюроның тілшісі Данара Жұманова форум туралы айтып тұрған. Осы кезде оған белгісіз ер адам таяп келіп, бетінен сүйіп алды.
Бұл жағдайға қарамастан, журналист өзін бірақалыпты ұстап, тікелей эфирді жалғастырды.
Айта кетсек, он бірінші Астана экономикалық форумы 17-19 мамыр аралығында елордада өтіп жатыр. Форумда әлемнің 24 елінен 450 спикер сөз сөйлейтін болады.
Оқи отырыңыз:
Танымал қазақ альпинисі екінші мәрте Эверест шыңын бағындырды
ММХҚИ қайтыс болған қазақстандық студенттің анасы халыққа үн қатты
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты
Ауырып жатсам да, қиындыққа сынған жоқпын
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"