Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал қазақ альпинисі екінші мәрте Эверест шыңын бағындырды

Қазақстандық танымал альпинист Мақсұт Жұмаев екінші рет Эверест шыңын бағындырды, деп хабарлайды Stan.kz.

Мақсұт Жұмабаев

Ол өзінің бұл жетістігін Астананың 20 жылдығына арнады.

Жұмаев Эверест шыңына алғаш рет 2007 жылы шыққан еді. Ол кезде альпинист таудың солтүстік жағымен көтерілген екен. Бұл жолы ол таудың көтерілуге қиын әрі қауіпті саналатын солтүстік тұсын таңдаған екен. Мұндағы ең қауіптісі әлем бойынша ең жылдам сең жүруі саналатын – Кхумбу. Алып мұз сеңінің қозғалу жылдамдығы шамамен күніне 1 метрді құрайды.

Таулар туралы қызықты мәліметтер >>>

Эверестті солтүстік және оңтүстік тұстарынан бағындырған альпинистер көп емес. Ендігі Мақсұт Жұмаев солардың қатарына кіріп отыр. Аталған екі бағыт бойынша тек 10 адам жүріп өткен екен.

Айта кетсек, қазақстандық альпинист әлемдегі ең биік 14 шыңның барлығын бағындырған. Ал Эверест шыңының биіктігі 8 848 метрді құрайды.

 

Талқылау