ММХҚИ-де қайтыс болған қазақстандық студенттің анасы халыққа үн қатты

Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының (ММХҚИ) терезесінен құлағаннан кейін, сөзге келместен ауруханада көз жұмған қазақстандық студенттің анасы әлеуметтік желіде жазба жариялады. Онда ол қазақстандықтарды жағымсыз қауесет таратуын тоқтатуды сұрады.

ММХҚИ қайтыс болған қазақстандық студенттің анасы халыққа үн қатты

Бұл туралы Томистің анасы Жанна Ахметова Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қызын жоқтаған ана желідегі парақшасында қылмыстық істің мән-жайы туралы айтып беруге уәде етті.

«Жағдайдың қалай өрбіп жатқандығы туралы бәрі сұрағандықтан достарым үшін жазып отырмын. Өмір «дейін» және «кейін» деп бөлінді. Бүгін мен бұл сұмдықтың аяқталмайтынын түсіндім. Ұйқыдан оянамын, бірақ ол әлі аяқталмайды. Содан бұл менің бүгінгі өмірім екенін түсіндім. Менің үндемегенім, әртүрлі жолмен түсіндірілді. Сондай-ақ, менің Томпиымның кімнің кездескені туралы, дағыстандықтар маған қанша ақша берді, кімге жаныңыз ашымайды деген шындыққа жанаспайтын қорытындылармен бөлісе бастады. Және бүгін маған мен олардан ақша алыпты деген әңгіме айтты. Тынышталыңыздар! Жағымсыз, өтірік қауесет таратқандарыңызды доғарыңыздар және де осындай қайғы бастарыңыздан өтпесін деп тілеңіздер. Жақын арада бұқаралық ақпарат құралдарына және сіздерге қылмыстық істің барлық мән-жайы туралы айтып беремін»,- деп жазды Жанна Ахметова Instagram парақшасында.

Сондай-ақ, Жанна Ахметова өзіне қолдау көрсеткендерге алғысын білдірді.

Тағы да оқыңыз:

Несиесін өтеу үшін жалғызбасты келіншекті азаптап өлтірген шымкенттік таксист 19 жылға сотталды

Елбасы жер бетінде кедейлердің неліктен көп екенін айтып берді

Жолда жатқан ақшаны алмаңыз: Алматыда 90-жылдары белең алған алаяқтық қайта пайда болды 

Мұсылмандарға сүннет: Рамазан айында әр күні оқылатын тарауық намазының үкімдері

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
16.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар