Мұсылмандарға сүннет: Рамазан айында әр күні оқылатын тарауық намазының үкімдері

2018 жылы (1439 һ.ж.) Қазақстанда рамазан айы 17 мамырда басталады. Маусым  айының 11-інен 12-сіне қараған түні – Қадір түні. Рамазан айынан бір күн алдын, яғни 16 мамырда кешке құптан намазынан соң еліміздің барлық мешіттерінде тарауық намазы оқыла бастайды.

тарауық намаз

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Рамазан айында шынайы сеніммен әрі ықыласпен түнді намаз оқып өткізген адамның бұрынғы күнәлары кешіріледі», – деді. Рамазан айында әр күні құптаннан кейін, үтірден бұрын тарауық намазын оқу еркек және әйел адамдар үшін – сүннет. Тарауық намазы 20 ракағаттан тұрады, деп жазады fatua.kz.

Ол екі ракағат немесе төрт ракағат етіп оқылады. Бұл намаз жалғыз да оқылады, бірақ мешітте жамағатпен оқу – сүннет. Тарауық намазын жамағатпен оқылғанда, үтір намазы да жамағатпен оқылады. Имам тарауық намазы мен үтір намазының қирағатын дауыстап оқиды. Тарауық намазына былай ниет етеді: ниет еттім 2 ракағат тарауық намазын өтемекке, ұйыдым осы имамға, халисан лилләһи тағалә, Аллаһу акбар. Әр төрт ракағат оқылғаннан кейін төрт ракағат намаз уақытындай отырып демалу – сүннет.

Демалып отырған кезде үш рет мына тәсбих оқылады: ” Мағынасы: Жердегі және аспандағы жаратылыстардың иесі – Алла Тағаланы әрқандай кемшіліктен пәк деп білемін. Үстемдік, ұлықтық, құдірет және жоғары мәртебелік иесі – Алла Тағаланы әрқандай нұқсаннан пәк деп білемін. Еш өлмейтін, мәңгі тірі, бүкіл әлемнің патшасы – Алла Тағаланы әрқандай айыптан пәк деп білемін. Ол мін-кемшіліктерден пәк әрі таза, періштелердің және Жәбірейілдің Раббысы, бір Алладан басқа құдай жоқ. Біз Алла Тағаладан күнәларымыздың кешірілуін сұраймыз. (О, Жаратқан Иеміз!) Сенен жәннатты сұраймыз, Саған тозақ отынан құтқар деп сиынамыз. Тарауық намазы аяқталып, бесінші тәсбих айтылғаннан кейін мына дұға оқылады:

” Мағынасы: Иә, Алла! Мұхаммедті және оның қауымын рақым етіп, аман қыла гөр. Иә, Алла! Бізді иман зейнетіне, тура жол және танымдық шарапатына бөле, рамазан айының оразасымен сыйла, бізге жәннатты нәсіп ет, күнәларымызды кешір. О, пәк Алла, біздің оқыған тарауық намазымызды қабыл ет. О, рақымды әрі бізге сұрамастан алдын ала беретін Алла, Өзіңнің кеңшілігіңмен әрі жомарттығыңмен біздің дұғамызды қабыл ет! О, аса рақымдылардың рақымдысы!

Барлық жақсылық Сенің рақымыңмен ғана. Тарауық намазының әр ракағатында «Фатиха» сүресінен соң бір қысқа сүре оқылады. Рамазан айы ішінде Құранды басынан бастап, аяғына дейін толық бір рет оқып шығу – сүннет. Тарауық намазын құптан намазынан кейін оқу – сүннет. Сондықтан тарауық намазын оқу үшін мешітке келген адам алдымен құптан намазын оқиды, одан соң тарауық намазына қосылады. Тарауық намазының қалған ракағаттарын және үтір намазын кейін өзі жалғыз оқып бітіреді. Тарауық намазының қазасы оқылмайды.

Оқи отырыңыз:

Ораза кезінде адам ағзасы қандай өзгерістерге ұшырайды

Ораза тұтпаған адам пітір садақасын бере ме?

Рамазан айы 16 мамырда басталмайды: Бас мүфти мәлімдеме жасады

Ораза және ауыз ашар дұғалары

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
22.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар