Ораза кезінде адам ағзасы қандай өзгерістерге ұшырайды

Ертең бүкіл мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айының 30 күндік оразасы басталады. Мұсылмандар солтүстік ендіктегілер үшін қосымша қиындық болатын оразаны таңертеңнен кешке дейін ұстайды. Мысалы, Норвегияда жылдың осы уақытында мұсылмандарға тәулігіне 20 сағат ораза ұстауға тура келеді.

Ораза кезінде адам ағзасы қандай өзгерістерге ұшырайды

Мұндай ораза адам денсаулығы үшін пайдалы болуы мүмкін бе? Бұл туралы BBC-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Оразаның алғашқы екі күні ең қиын болады. Себебі адамның денесі соңғы тамақтанудан 8 сағат өткеннен кейін ерекше күйге енеді. Дәл осы уақытта адам ағзасы тағамнан алынған қоректік заттарды сіңіруді тоқтатады. Осыдан кейін дене бауыр мен бұлшық еттердегі артық глюкозалардан күш ала бастайды. Ал бұл артық глюкозалар таусылғанда, ағза өмірге қажетті энергия алу үшін денеде жиналған майды өңдеуге көшеді.

Денедегі май ыдырай бастағанда, адам салмақ тастайды. Содан холестериннің деңгейі төмендеп, адам қант диабетіне шалдығуы әбден мүмкін. Алайда, қант деңгейінің төмендеуі организмнің әлсіздігіне және ұйқышылдыққа әкеледі. Ораза кезінде ауыздан жағымсыз иіс шығып, бас ауырып, жүрек айнуы мүмкін. Осындай уақытта аштық деңгейі сыни нүктеге жетеді.

Ал оразаның 3-7 күндері ағза аштыққа үйрене бастайды. Бұл уақытта денеден май бөлініп, ол қандағы қантқа айналады. Ораза кезінде көп сұйықтық ішкен жөн.

Сіздің тағамыңызда дененің энергиясын сақтау үшін көмірсулар мен майлар жеткілікті болуы керек. Бұл уақытта қоректік заттарды, ақуыздарды, тұздарды және сұйықтықтарды қамтитын теңдестірілген диетаны сақтау өте маңызды.

Сондай-ақ, ораза ұстаудың үшінші кезеңінде, яғни 8-15 күндері сіз дененің аштыққа үйреніп кеткенін байқағайсыз.

Кембридждегі Аденброкс ауруханасында анестезия және қарқынды терапия бойынша кеңесші дәрігер Разин Маруфтің пайымдауынша, оразаның басқа да артықшылықтары бар.

«Күнделікті өмірде біз денені қалпына келтіру сияқты кейбір функцияларды орындауға кедергі келтіретін тым көп калорияларды жиі аламыз. Ал бұл теңгерімсіздік ораза кезінде түзетіліп, денені әр түрлі функцияларға аударуға мүмкіндік береді», – дейді ол.

Ал оразаның екінші жартысында, яғни 16-30 күндері дене толығымен аштыққа бейімделеді. Осы кезеңде сіздің тоқ ішегіңіз, бауырыңыз, бүйрек және теріңіз толық детоксикация процесінен өтеді.

«Осы кезеңде ағзаның функционалдылығы жұмыс істеу қабілетінің ең жоғары деңгейіне жетуі керек. Соның нәтижесінде, еске сақтау қабілеті мен концентрация жақсарып, күш-қуатыңыз көп болады», – деп түсіндіреді Маруф.

Дәрігер Маруфтің айтуынша, ораза бір жағдайда ғана пайдалы.

«Ораза ұстау пайдалы. Себебі, ол тамақтану туралы хабардар болуымызға көмектеседі. Бірақ оразаны бір ай ғана ұстау керек. Оны ай сайын ұстаудың қажеті жоқ», – деп ескертеді ол.

«Үздіксіз аштық салмақ тастаудың тиімді жолы емес. Себебі сіздің денеңіз майдан күш алуын доғарып, оның орнына бұлшық еттен күш-қуат алуға көшеді»,- деп ескертті ол.

Оқи отырыңыз:

eGov.kz порталында жұмыс іздеушілерге ұсыныстар көрсетіледі

Қазақ қызы туған ағасының 14 жасынан бастап өзін зорлап келгенін айтты (видео)

Биыл 1 шілдеден бастап 14 мың отбасы жаңа жәрдемақы алады

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар