Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аяусыз зорланған 15 жастағы қыздың анасы қызының қандай қорлық көргенін айтып берді (видео)

Алматыда жоғалып кетіп, 12 күн бойы іздестіріліп табылған 15 жастағы оқушының анасы көпшілікке видеоүндеу жолдап, қылмыстық істің тергелуі үшін көмек сұрады, деп хабарлайды Stan.kz.

«Мен жоғалып кеткен 15 жастағы қыздың анасымын және қызым бүгін, Халықаралық әйелдер күні, сіздерге жан айқайымызды жеткізіп, көмек сұрауыма тура келді. Осы жылдың 23 ақпанында менің 15 жастағы қызымды  таныс жігіті көлігіне күштеп отырғызып, ұрлап кетті. Олар әлеуметтік желіде танысып, «Саяхат» автовокзалының маңында кездеспек болған», – дейді әйел.

Әйелдің айтуынша, жігіт достарымен бірге қызды ұрлап кетіп, бірнеше күн бойы қараңғы бөлмеде қамап ұстаған. Осы уақытта қызды бірнеше рет зорлап, ұрып-соққан. 15 жастағы қыздың денесіндегі көгерген орындар мен жаралар соның айғағы дейді анасы.

«3 күн бойы қызымды өз күшімізбен таппақ болдық. Таба алмағандықтан, Алматы қаласы Жетісу аудандық ІІБ-ге жүгінуімізге тура келді. ІІБ қызметкерлері біздің шағымымызға қатысты ешқандай шара қолданбады деуге болады. Мұнан кейін прокуратура мен БАҚ-тан көмек сұрауымызға тура келді. 12 күннен кейін қалалық ІІБ қызды тапты», – дейді күдікті.

Алайда, анасының сөзінше, құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғаудан бас тартып отыр.

«Алматы бойынша ІІБ қызымды бірнеше күн бойы таба алмай қойғанымен қатар, оның үйден өз еркімен кетіп, қайтқысы келмегенін мәлімдеді. Мен анасы ретінде, ІІБ-нің бұл мәліметін теріске шығарамын және аталған фактінің толық тексерілуін талап етемін. Бізге тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын айтты. Бірақ бізбен ешкім байланысқа шықпады. Құдды, қыздың табылғанымен іс біткен сияқты. Бұл істе келеңсіздіктер көп деп ойлаймыз», – дейді қыздың анасы.

Осыған байланысты әйел «Нұр Отан» партиясы, құқық қорғау органдарының басқарушылары, балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева мен барлық БАҚ-тан көмек сұрап, қызының  ісі қоғам бақылауына алынып, жәбірлеушілер тиісті жазасын алса екен дейді.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Алматыда 15 жастағы қыз жоғалып кеткен еді. Оқушы қыз ағасы қарындасымен желіде сөйлескен жігіттің онымен 3 сағатқа пәтер жалдағанын айтты. Ал 6 нарузыда қыз табылып, артынша үш жігіттің өзін зорлағаны туралы сұмдық жайдың бетін ашты.

Оқи отырыңыз:

Төреғали Төреәлі: Өмірімнің өрнегі болған асыл жарымды өзге көзден қызғанамын

Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбекованы картопқа, «Лашын» тобындағы қыздарды бұзылған салатқа теңеді

Баян Мақсатқызы: Ер адамды әйелге саусағының ұшын тигізе алмайтындай етуіміз керек

Әли Оқапов Вьетнамда бірге демалып жүрген қыздың кім екенін ашық айтты

Талқылау