Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айару Бақытбек: Кітап арқылы анамды жақынырақ танып, таңға дейін жыладым

Сенбіден жексенбіге қараған түн! Сағат 12:30! Кітап сөрелеріне енді түскен Баян Мақсатқызының мемуарына, алғашқылардың бірі болып қол жеткізуге жүздеген жан жиналған! Олардың түнгі тәтті ұйқыларын қиып, продюсермен кездесуге келуіне не түрткі болды?

18443786_445329725806083_5654122040555208704_n

Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды.

«Көргім келді халықтың реакциясын! Кітапты сатып аламын ба, алмаймын ба әлі білмеймін», – дейді түн ұйқысын бөліп келген оқырманның бірі.

«Жетістікке қандай қиыншылықтармен жеткені қызықтырады. Шоу бизнестегі идеальный адам ғой, проектілері ұнайды. Содан кейін, келдім», – дейді екіншісі.

«Баян: өзім жайлы ғана емес» кітабы: «Жеке басыма деген қоғамның асқан қызығушылығы — түрлі қауесеттің, қисынсыз ойлардың тууына түрткі болады» деп басталады. Ақталуға емес, қойылатын сансыз сауалдарға мемуарыммен жауап қаттым, — дейді Мақсатқызы. Бүкіл ғұмырын бүкпесіз баяндағанына сендіреді.

«Әке-шешеме, қыздарыма, бұрынғы күйеуіме, өмірімді өзгерткен барлық жандарға алғысым шексіз!» – деп ағынан жарылды продюсер.

Алғыс жаудырғанымен, ешкімді де қаралап, қарғыс айтпаған. Тіпті, өліммен «бетпе-бет» кездестірген экс-жұбайы жайлы да бір ауыз теріс пікір жоқ. Өмірде мансап қуудан өзге де құндылықтар барын Тұрсын Алагөзов ұқтырды, – дейді автор! Бүгінгі маңызды сәтінде де сүйіктісі жанында жүр. Кіші қызы Айару да қолдай келіпті.

«Кітаптан бас алмай, таңға дейін оқып тауыстым. Анамды жақынырақ таныдым. Тіпті, жылап алған сәттерім де болды», – дейді Б. Мақсатқызының кіші қызы Айару Бақытбек.

«Кітапты шығарудың шығынын толықтай Тұрсын көтерді. Мұның арзан тұрмайтынын айтқым келеді. Жалпы, мемуарды жазу барысында Тайландта ол үнемі менің қасымда болды. Оның үстіне, өмір тарихымды, жүріп өткен жолымды оған бұл кітапты жазбай тұрып-ақ өзім айтып бергенмін», – дейді Баян Мақсатқызы.

Баян Мақсатқызы 3 сағаттық сатылымда 1000-ға жуық данасына қолтаңбасын қойып, оқырмандарына табыстады. Ал, 5-ші шілдеден қалған 19 мың тиражы кітап дүкендеріне түседі.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Мақсатқызы отбасылы Тұрсын Алагөзовке ессіз ғашық болған күндері туралы айтты

Баян Мақсатқызы: Тұрсын кітаптан түскен қаражатты қайырымдылыққа жұмсауды ұсынды

Төсекке таңылған сүйіктісіне 7 жыл қамқор болған жігіт жұбымен бірге Ернар Айдардың клипіне түсті (фото)

“Дайдидауды” шебер орындаған шетелдіктерді көрген жұрт көздеріне жас алып, Димашқа алғыс айтты (видео)

Талқылау