Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Дайдидауды” шебер орындаған шетелдіктерді көрген жұрт көздеріне жас алып, Димашқа алғыс айтты (видео)

Иә, расымен де Димаштың есімі алты құрлықты шарлап келді! Күн сайын шетелдіктерден келген видео-жолдаулар бұл сөзіміздің айқын дәлелі бола алады. Мәселен, күні кеше Димаштың ата-анасының парақшасында пайда болған сингапурлық азаматтың “Дайдидауды” шебер орындап шыққан видеосы жұртты елең еткізбей қоймады.

6ff51fefly1fd8ary6za3j20p00gogqb

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Сингапурлық Джереми Вонг (Jeremy Wong) есімді азамат Singer жобасы барысында Димаш айтқан әндердің түгелін дерлік фортепианомен орындап шыққан. Олардың арасында қазақтың халық әні “Дайдидау” мен Димаштың авторлық әні “Ұмытылмас күн” де бар.

Бұдан өзге, Джереми байқау барысында көптің көңілінен шыққан француз әні “SOS Dun terrien” мен Селин Дионның “All by myself” туындысын нақышына келтіре орындапты. Бір қызығы, желіге жүктеген видеоларында ол әннің бастапқы орындаушыларын емес, Димаштың есімін атап көрсетіпті.

Ал шетелдіктердің қазақ әнін жаттап алғанын көрген желі қолданушылары көздеріне жас алғандарын айтып, Димашқа алғыстарын жаудырды.

“Жарайсың Димаш! Дүние жүзінің бәріне қазақтың әнін әйгілі еттің, жүректеріне жеткіздің”, “Шаттан қазақ! Қазақ əнін дүние жүзіне шырқатқан Димаш жарадың”, “Димаш әлемді бағындырды”, “Қазақтың күйін, әнін әлемге таныта бер, Димаш! Ал,біз, қазақ жастары, сенің жанкүйеріңбіз”, “Қандай керемет, міне жеңіс міне еңбектің жемісі”, “Қазақ әндерін әлемге әйгілі еткен Димашқа мың алғыс”, “Көзімізге жас алдық”, – деп тамсанды олар.


Жіберіп алмаңыз:

Димаш су тасқынынан зардап шеккен қытайлықтарға 14 миллион теңге аударды

Димашқа еліктеп ән айтып жүрген жанкүйерлер кімдер? (видео)

Қарақат сәбиінің кімге ұқсайтынын айтып, есімінің мағынасын түсіндірді (видео)

Төсекке таңылған сүйіктісіне 7 жыл қамқор болған жігіт жұбымен бірге Ернар Айдардың клипіне түсті (фото)

 

Талқылау