Аяғының ұзындығы 108 сантиметр болатын бойжеткен желіде танымал болды

Швецияның фитнес-моделі және бодибилдері Ия Остергрен ерекше дене бітімінің арқасында танымал болды. Бойы 178, ал аяғының ұзындығы 108 сантиметр болатын бойжеткенді кейбіреулер өзге ғаламшарлыққа ұқсатады.

34 жастағы модель өзінің Инстаграм парақшасына жаттығу залында және басқа жерлерде түскен суреттерін жиі жариялап тұрады.

Аяғының ұзындығымен танымал болған бойжеткеннің парақшасына 141 мың желі қолданушылар жазылған.

Қыздың айтуынша, Ия бала кезінде арықтығынан және аяғының ұзындығынан қысылып, өзін  ұсқынсыз үйрек секілді сезінген.

Бірнеше жыл бұрын ол жаттығу залына барып, белсенді дайындала бастаған. Содан кейін бойжеткен әлеуметтік желіде парақша ашып, дене бітіміндегі өзгерістермен бөліскісі келген. Бұл туралы  Medialeaks хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ия желіге тек суреттер ғана салып қоймай, сонымен қатар өзі туралы, диетасы мен жаттығу залында қалай дайындалғаны туралы да жазады. Фитнес-модель жаттығу залына күн сайын барады екен. Балмұздақты жақсы көретін  швециялық бойжеткен аптасына кемінде 2,2 келі ет жеймін, дейді. Ол сондай-ақ, банан қосылған сұлы жармасы, манго, кокос сүті секілді пайдалы тағамдарды да тұтынады.

Бойжеткен болашақ күйеуімен Инстаграм арқылы танысқан. Ол Торбьорн атты белгілі шведтік бодибилдермен шаңырақ көтергеніне әлі сенбейді. Ия өзіне осындай танымал адам сөз салады деп мүлде ойламапты.

Екі ғашық 2014 жылдың тамызында отау құрған. Кейін бойжеткен жұбайы және баласымен серуендеп жүрген суреттерін жариялап, желі қолданушыларын қуантты.

Швециялық Ия Остергрен жергілікті жасөспірімдер арасында сұлулық эталонына айналған. Ол сән көрсетілімдеріне қатысып мыңдаған доллар табады екен.

Жіберіп алмаңыз:

Әйгілі физик Стивен Хокинг қайтыс болды

Қызыл теңізге демалуға барған әйел дәл судың ортасында босанды

Тасқыннан улы өрмекшіні құтқармақшы болған әйел суға түскен (видео)

Көзіне есірткі егіп соқыр болып қалған қыз арманын айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар