Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полиция: Қауіпті челлендж ұйымдастырғандар жазаға тартылады

Алматы қаласының әл-Фараби көшесінде бір сағат бойы қарсы бағытта көлік жүргізген Қуаныш Әкім жол ережесін бұзып, бұзақылық танытқаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі Алматы қалалық ІІД сілтеме жасап.

https://www.instagram.com/p/BpPuh1rgoki/?taken-by=kris_p_brothers

Полиция бөлімінің мәлімдеуінше, аталған іске қатысты Қылмыстық кодекстің 293 бабы бойынша сот алды тергеу жұмыстары басталды.

«Жол жүру ережесін бұзған азаматқа қатысты әкімшілік шаралар қолданып, бірден сегіз хаттама толтырылды. Оның ішінде қарсы бағытқа шыққаны және апатты жағдай туғызғаны үшін материалдың құжаттары Алматы қаласының ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді. Бұндай жол ережесін бұзушылық заң бойынша белгілі мерзімге жүргізу куәлігінен айырылады. Автокөлік айып тұрағына кіргізілді», – деп хабарлады Алматы ІІД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев.

Сонымен қатар, Алматы қаласының полиция қызметкерлері жол жүру ережесін бұзушыларға әлеуметтік желінің белсенді бақыланатынын ескертті.

«Заң бұзушылыққа полиция қызметкерлері дереу шара қолданып жауапқа тартады. Жоғарыда аталған сияқты қылмыстарды қоғамды сыйламау деп қабылдаймын. Осыған орай Алматы қалалық ІІД жазықсыз жандардың денсаулығына қауіп төндіретін челленджерге қатыстпауға қатаң кеңес береді», – деп мәлімдеді Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Естеріңізге салсақ, айдың басында Алматы қаласында тағы да әл-Фараби даңғылында қарсы бағытқа шыққан Роллан Назар жеті күнге қамауға алынып, артынша істеген ісіне өкініп халықтан кешірім сұраған еді.

https://www.instagram.com/p/BpQ5sHCgpPe/?taken-by=kris_p_brothers

Сонымен қатар Инстаграм желісінде осындай оқиғаның қайталанған видеосы тарап кетті. Оған пікір қалдырған желі қолданушылары жастардың бұндай дөрекі әрекеттеріне наразылық танытып, полиция қызметкерлерінің оларды жауапқа тартуын сұраған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау