Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Австралияда өлі кенгуру кесірінен бір топ велошабандоз ауруханаға түсті

Австралияның Виктория штатында 21 наурызда бір велосипедшілер тобы жолда жатқан кенгуру өлексесіне соғылды. Велошабандоздардың бірі жарақат алып, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Алты адам түрлі дәрежеде жарақат алды, деп жазады theage.com.ua.

кенгуру
Оқиға Шеппартонға жақын Мельбурннан 200 шақырым жерде орын алды. Полиция өкілінің айтуынша, тоғыз велошабандозды бастап келе жатқан адам кенгуруды көріп, бұрылып үлгергенімен, артында келе жатқандар байқамай қалған.

«Қалғандары кенгуруға соғылып, бірінің артынан бірі құлаған», – деді оқиға орнына жеткен полицейлердің бірі.
Кейбірі жалтарамын деп қарсы бетке шығып келе жатқан көлікке соқтығысқан. Зардап шеккен 50 жастағы ер адам көлік астында қалып, ауыр жарақат алды. Ол Мельбурндағы Альфреда госпитальіне жеткізілді.
Шеппартон полициясының хабарлауынша, таң атып келе жатқан кезде жолды байқау қиын болғанын мәлімдеді.

Талқылау