Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Австралияда ағасы мен қарындасы ұйқысыздықтан зардап шегуде

Австралияда ағасы мен қарындасына дәрігерлер тұқымқуалаушы ауыру диагнозын қойған. 28 жастағы Лаклан мен 30 жастағы Хейли Уэбб ұйқысыздық ауруын бастан кешіруде. Аурудың меңдегені соншалық ұйқы режимінің дұрыс болмауы ми жұмысына да әсер еткен.

bessonnica_pri_beremennosti

Сурет e-motherhood.ru

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Дұрыс демалудың жетіспеушілігінен организм қалпына келе алмай өте жылдам тозып бара жатыр. Ауру он миллион адамның бірінде ғана кездеседі екен. Отбасылық ұйқысыздық ауруына ешбір дәрі де, ешбір ем де көмектесе алмайтын көрінеді.

Лаклан мен Хейли осы аурудан өздерінің әжесі, анасы, әпкесі мен ағасы қайтыс болғанын айтқан. Олар бұл ауру нағыз “отбасылық қиындыққа” айналды деген. Бұл аурудың себебі белоктық молекулалардың инфекциялық молекуламен орындары ауысып кетуі нәтижесінде туындайды екен.

Аурудың белгілері – ұйқы қашып, қан қысымы көтеріліп, тоқтаусыз көз жасы ағады. Тез салмақ тастап, өңі қуарып кетеді екен. Соңғы кезеңде адам сөйлей алмай, бүкіл қозғалыс координациясы бұзылып, сыртқы әсерлерді сезіне алмайтын күйге жетеді.

Талқылау