Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатынан шеттетілді

Бейсенбі, 7 Қыркүйек , 2017 14:14

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасына допинг ережебұзушылықтарына байланысты Анахаймада өтетін 2017 жылғы әлем чемпионатына қатысуға тыйым салынды.

20151128154741

Бұл туралы insidethegames.biz порталы хабарлады.

Дереккөздің мәліметінше, Қазақстан Олимпиада ойындарында көптеген допинг ережебұзушылықтарына байланысты әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігінен айырылған тоғыз команданың қатарында. Қалған сегіз ел: Ресей, Қытай, Беларусь, Әзірбайжан, Армения, Түркия, Украина және Молдавия.

Осы аталған құрамаларда Бейжіңдегі және Лондондағы Олимпиада ойындарында допинг-сынамаларын қайта тексеру нәтижесінде кемі үш атлеттің ағзасында тыйым салынған препараттар табылған. Ресей құрамасында 10 атлеттің допингпен ұсталғаны айтылады.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) атқару комитетіне осы аталған құрамаларға қатысты қандай шара қолдану керектігі жайында ұсыныс түсіретін үш адамнан тұратын комиссия Будапеште кездесіп, қорытынды шығарады. Олардың есебі IWF атқару комитетінің 30 қыркүйек пен 1 қазанда Бухаресте өтетін кезектен тыс отырысында ұсынылады.

Тоғыз құрамаға қатысты бір жылға дейінгі шеттету шарасы енгізілетіні айтылады, алайда барлық елге әлем чемпионатынан кейін дисквалификацияның мерзімін азайтуға мүмкіндік беріледі.

Оқи отырыңыз:

Әлем чемпионының анасы: Төреші Қайратымның қолын көтергенде, төбем көкке екі елі жетпей қалды

Шымкенттіктер Әлем чемпионатында жеңiспен оралған боксшыларды әуежайдан күтіп алды

ЧЛ: Қазақстан құрамасы Польшадан да 3:0 есебімен ұтылды

11 жасар қазақ баласы бөтелке үстінде тұрып кеуде көтеруден рекорд орнатты (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар