Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы министрлігі еттің қымбаттағанына қуанып жатыр

ҚР ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов Қазақстанда ет бағасының неліктен өскендігін айтып берді.

9687831

Фото: Александр Юрьев

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

“Ет бағасы өскен кезде, біз, Ауыл шаруашылығы министрлігі, қуануымыз керек, өйткені тауар өндіруші өз өнімін қымбатқа сата алады. Баға өңірлер бойынша әртүрлі, біз күнделікті, апта сайын мониторинг жүргізіп отырамыз. Қазір мал сойылып жатқан жоқ, керісінше, төрт түлік төлдеп жатқан кез. Біз ет бағасының өсуі маусымға байланысты деп ойлаймыз”, — деп жауап берді вице-министр ет өнімінің қымбаттап кетуі туралы сұраққа.

Экспорттың өсуі қазақстандықтар үшін бағаға әсер ете ме деген сұраққа министр ондай жайттың болуы мүмкін деп жауап берді.

“Экспорттың өсуіне байланысты ішкі нарықтағы баға да қымбаттайды дегенді ешкім жоққа шығармайды. Меніңше, мұндай болжам айтуымыз орынды, экспорт өскен кезде, баға да өседі. Себебі ауыл шаруашылығы өндірушісіне сол бағада өнім шығару тиімді. Бағаны ұстап тұруға да бірқатар фактор әсер етеді. Тағы қайталап айтайын, АШМ ретінде біз ауыл шаруашылығы өндірушісінің қосымша құнды арттыруына қуануға тиіспіз”, — деп тағы атап өтті АШМ басшысының орынбасары.

Оқи отырыңыз:

Министр зейнетақының үш кезеңде қалай және қаншаға өсірілетінін айтып берді

Зейнетақы қоры Әзірбайжан банкіне салған 71 млрд ақшаны қайтара алмауы мүмкін

Юаньнің құнсыздануы Қазақстанға қалай әсер етеді

БЖЗҚ-ның экс-төрағасы Руслан Ерденаевтың тағы бір былығы әшкере болды

Талқылау