Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БЖЗҚ-ның экс-төрағасы Руслан Ерденаевтың тағы бір былығы әшкере болды

Руслан Ерденаевтың ісіне қатысты жаңа дерек! Біріңғай зейнетақы жинақтаушы қорының бұрыңғы төрағасы салымшылардың ақшасын талан-таражға салып қана қоймай, орынбасары Дабыр Медетбековпен бірігіп, миллиондап пара да алған екен,-деп жазды КТК арнасы.

зейнетақы

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ауызбастырықтың не үшін және кімнен алынғанын әзірге айтпай отыр. Белгілісі, заңды белшеден басқан экс-төраға мен орынбасарына қатысты тағы бірнеше бап бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Жалпы, зейнетақы қоры ісіне қатысты тағы үш адамның шатылып жатқанын айта кетейік. Олар – қордың бұрыңғы басқарма басшысы Мұса Бахтов, «Бузгул Аурум» мен «АлатауМұнайАлтын» компанияларының экс-басшылары Азат Найзағарин мен Бақытжан Кенжебеков. Барлығы қордағы бақандай 5 миллиард теңгені өзара бөлісіп алды деп тергеліп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбеде кәсіпкер 10 жасар қызға сыйға тартқан пәтерге талас басталды

National Geographic “Байқоңырдағы” ескі ғарыш кемелерін халық назарына ұсынды

Қайрат Рысқұлбековті өлер алдында соңғы рет көрген түрме қызметкерінің әңгімесі

Талдықорғанда аулада ішімдік ішіп отырған ер адам кенеттен көз жұмды (видео)

Талқылау