Ер адам Google Earth картасы арқылы 4 жыл бұрын жоғалып кеткен малайзиялық ұшақты тауып алғанын мәлімдеді

Аустралиялық инженер-механик Питер Макмахон Google Earth карталарынан Malaysia Airlines әуекомпаниясының 2014 жылы жоғалып кеткен «Боинг» ұшағын тапқанын айтты. Ұшақ Оңтүстік Қытай теңізінің үстіне жоғалып кеткен еді. Алайда ұшақтың құлаған орны табылған жоқ.

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Аустралия тұрғынының сөзінше, ұшақ қалдықтары Круглый аралының оңтүстікке қарай 16 шақырым, Маврикиядан солтүстікке қарай 22,5 шақырым жерде жатыр. Ал теңіздің бұл аумағы бұған дейін зертттелмеген екен.

«Олар табылған ақпараттың бәрі қоғамнан жасырылғанына көз жеткізді. Тіпті, біздің биліктен де. Алайда мұның керегі не? Олар ұшақтың табылғанын қаламайды. Себебі ұшақ қалдықтарында көптеген оқ іздері бар. Егер бұл жағдай анықталса, көптеген сұрақтар пайда болады», – дейді Макмахон. 4 америкалық тергеуші жоғалып кеткен ұшақтың ісін тексеруге Аустралияға жіберілген. Алайда Макмахонның ойынша, олар маңызды ақпаратты жасырып отыр. Ер адамның айтуынша, ұшаққа оқ атлығандықтан, АҚШ билігі ұшақты іздеуден бас тартуда.

Макмахон Аустралияның Көлік қауіпсіздігі басқармасына аталған мәліметті жолдаған. Басқармадағылар да көрсетілген мәліметтегі ұшақтың 2014 жылы жоғалып кеткен малайзиялық әуе кемесі болуы мүмкін екенін жоққа шығармады.

Айта кетсек, 2014 жылы наурыз айында 370 рейспен Куала-Лумпурдан Пекинге ұшып шыққан ұшақ 6 сағаттан кейін Үнді мұхитына құлаған.  Ұшақ бортында 239 адам болған. 2015 жылдың қаңтар айында ұшақта болған жолаушылардың бәрінің қаза тапқаны ресми түрде мойындалды.

2015 және 2016 жылдары ұшақтың қанатының, жалғасқанатшасының және қаптамасының бөлшектері табылды.

Оқи отырыңыз:

Кабулда лаңкес Наурыз мейрамын тойлап жатқан жұртшылық арасында өзін-өзі жарып жіберді

Ресейде 13 жастағы егіз қыздар туған ағасынан жүкті болып қалды

Әйел жаңа туған сәбилерін 10 жыл бойы мұздатқышта күйеуінен тығып келген

АҚШ президенті мұсылмандарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар