Әйел жаңа туған сәбилерін 10 жыл бойы мұздатқышта күйеуінен тығып келген

Францияда 38 жастағы әйел жүкті екенін 10 жыл бойы күйеуінен жасырып келген. Ал жаңа туған сәбилерінің денесін мұздатқышта сақтапты.

Бұл туралы The Local басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Басылым мәліметінше, 38 жастағы әйелдің қыздарының бірі мұздатқыштан сәбидің қатып қалған денесін тауып алған. Ол бұл туралы бірден әкесіне айтыпты. Өз кезегінде әкесі полицияға хабарлаған.

Анықталғандай, сәби 2 тәулік бұрын дүниеге келген екен. Медицина қорытындысына сәйкес, сәбидің аман қалуға мүмкіндігі бар еді.

Тәртіп сақшылары пәтерге тінту жүргізіп, тағы 4 сәбидің қатып қалған денесін тапқан.

Полицейлер ерлі-зайыптыны тұтқындады. Алайда ер адам әйелінің 2005-2015 жылдар аралығында жүкті болғанын білмегендіктен, қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Қазіргі уақытта соттың талқылауы болып жатыр. Әйел өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

АҚШ президенті мұсылмандарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Лотереядан 19 миллион доллар ұтып алған жігіт атақты банк тонаушысы болып кеткен

Күзетшілер аязды күні жезөкше қыздарды жалаңаш далаға шығарып жіберген (видео)

Жыртқыш киттер дельфиннің денесін бөлшектеп тастады (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
11.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар