Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ президенті мұсылмандарды Наурыз мейрамымен құттықтады

АҚШ президенті Дональд Трамп мұсылмандарды Наурыз мейрамымен құттықтады.

Бұл туралы The Washington Times басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Көктемнің келуін атап өтіп жатқан миллиондаған адамға Наурыздың тамаша әрі берекелі болуын тілеймін», – деді АҚШ президенті.

Сондай-ақ, Дональд Трамп саяси тақырыпқа да тоқталып өтті.

Басылымның мәліметінше,  құттықтау сөзінің басым бөлігі Иран билігін сынауға арналған.

Трамп аталған мейрамның тарихы халқы мыңдаған жыл бойы түрлі қиындықтарды бастан кешкен Иран мемлекетімен байланысты екенін мәлімдеді.

Сонымен қатар АҚШ президенті Иран халқын өзінің жеке мүддесіне қызмет етіп, халықтың мүддесіне көз жұма қарайтын басшылар басқарып отырғанын айтты.

Оқи отырыңыз:

Лотереядан 19 миллион доллар ұтып алған жігіт атақты банк тонаушысы болып кеткен

Күзетшілер аязды күні жезөкше қыздарды жалаңаш далаға шығарып жіберген (видео)

Жыртқыш киттер дельфиннің денесін бөлшектеп тастады (видео)

Полицейлер кәсіпкердің 260 мың доллар тұратын Ferrari көлігін бұзып, қоқысқа тастады (видео)

Талқылау