Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауа-райы күрт өзгереді: Синоптиктер алдағы күндерге болжам жасады

29-31 мамырға аралығында жаңбыр жауып, соңы қарға ұласуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz “Қазгидрометке” сілтеме жасай отырып.

Ауа-райы күрт өзгереді: Синоптиктер алдағы күндерге болжам жасады

Ақмола мен Павлодар облыстарына демалыс күнгі жауын-шашын мен суық ауа райы оңтүстік пен оңтүстік шығысқа ауысады.

Қазақстанның батыс бөлігіне жылжып келе жатқан антициклон жауын-шашынды қысқа мерзімге тоқтатады. Антициклонның орнына, Орал аудандарынан келе жатқан суық фронттардың кезекті жүйесі келеді.

Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағында ауа-райы жағдайының күрт өзгереді. Солтүстік облыстарда қайта жаңбыр жауып,  соңы қарға ұсласады. Үсік жүруі ықтимал.

Оңтүстікте өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау