Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауа-райы қолайсыздығына байланысты Қазақстанда бірнеше жол бағыттары түгелдей жабылып қалды

Қараша айының 13-інен 14-іне қараған түнде қатты жел тұруына байланысты, Қазақстанның үш өңіріндегі жолдар жабылып қалды.

1391174400_jol

Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті хабарлады.

Қазіргі таңда Астанадан Қарағандыға апаратын негізгі жол да жабылған. 14 қараша күні түнгі сағат 00:30 шамасында қатты боран тұруына байланысты “Екатеринбург-Алматы” жол қозғалысына да шектеу қойылған. Ал арада бір жарым сағат уақыт өткенде аталмыш автожолдың Теміртау қаласындағы тұсында да жол жабылды.

Қатты көктайғаққа байланысты таңғы сағат 05:45-тен бастап “Астана-Қарағанды” бағыты бойынша жол барлық автокөлік түрлері үшін жабық екенін ескертеміз.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстанда ауа-райы қолайсыздығына байланысты жол көрінісін бақылау нашарлап кеткен. Бүгін “Өскемен-Зырян-Қатон-Қарағай-Рахманов бұлақтары” автожолы бөлігіндегі жолдардағы қозғалыс түгелдей шектелді.

Оқи отырыңыз:

Сауд Арабиясының королі күллі әлемді таңқалдырған бұйрыққа қол қойды

Тележүргізушілер айқасы: Салтанат Қалиева мен Майя Бекбаева нені бөлісе алмады?

“Ninety one” әншісі: Сіздердің сөздеріңізге қарсы шыққымыз келмейді (видео)

Алуа Қонарова: Мен Баянмен татуласқым келген

Талқылау