Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атышулы “Ninety one” тобының әншісі домбырамен терме айтып, жұртты таңғалдырды (видео)

Қазақстанда Q-pop стилінің негізін қалаған Ninety one тобының әншілері өзге қырынан танылып, жұртты бір шулатты. Талдықорғанда өткен фанаттармен кездесу барысында топ солисі Батырхан Мәліков (Alem) домбырамен терме айтып, тыңдармандарын таңдай қақтырды.

алем терме 050717

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Майлықожаның “Алқалы жұртым бармысың?!” термесін орындаған Alem өзін кәсіби домбырашылармен салыстырмауды өтінді.

“Өтініш, мені кәсіпқой дәстүрлі әншілермен салыстырмай-ақ қойыңыздар. Мен кәсіпқой домбырашы емеспін, бірақ домбырада ойнап, ән салып тұратынымыз бар”, –  деді ол.

Ал фанаттар Alem-ді басқа қырынан танығандарын айтып, шуласып жатыр. Айта кетейік, қазіргі уақытта 91 тобы еліміздің барлық қалаларын аралап, концерт беріп жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Мақсатқызы: Көп бала тумағаныма өкінемін

Әйгілі BBC арнасы Димаш туралы хабар жасауға ниет танытты

Алтын алқа иегері: Әншілер отбасыма көмектесетінін айтып,тек өздеріне абырой жинап жүрген сияқты

Қытайда тасқыннан зардап шеккендерге қаражатты Димаштың атынан өзгелер аударған

Талқылау