Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйгілі BBC арнасы Димаш туралы хабар жасауға ниет танытты

Әнші Димаш Құдайбергеннің атағы күллі әлемге тарады. Димаш жайлы шетелдік арналардың өзі хабар жасауға құлықты. Енді BBC арнасы әнші жайлы хабар жасамақ ниетте.

18888567_110407062890737_533275912704098304_n

Бұл туралы Мақсат Садық есімді журналист желідегі парақшасында жариялады.

“БиБиСи-дос-әріптестер хабарласты. Димаш туралы ТелеРадиохабар жасамақ. Димаш Қазақстанның қай жерінде гастрольде болса, сол жерге Лондоннан командамызбен ұшып келеміз дейді.

2016 жылы сол шетелдік дос-әріптестер қолғабысымен Димаш орындауындағы әнді, Қазақ радиосы атынан Азия-Тыңық мұхит елдерінің 2000 радиостанцияларының эфиріне қойғызғанбыз. 2017 жылы Димаш Қытайды жарды. 2017-де БиБиСи Димаш туралы ТелеРадио фильм жасаса, 2018 жылы Димаш Европаны дүр еткізер деген ырым ғой. БиБиСи продюсерінің телефонын- Димаштың продюсеріне табыстадық”, – деп жазады ол.

Айта кетейік, Қытайда өткен “I am a Singer” байқауы – Қытайдағы ең ауқымды музыкалық жобалардың бірі. Оған тек халықаралық жүлдеге ие болған танымал әншілер қатыса алады.

Жобаның соңғы маусымында қазақстандық Димаш Құдайберген бүкіл әлемді таңдай қақтырып, 2-орынды иеленген еді.

Тағы да оқыңыз:

Димаштың концертіне 50 елдің басын біріктіретін фан ұйым келген

Желіде Димаштың белгісіз арумен аймаласқан видеосы пайда болды (видео)

Димаш шетелден шақырту алып, концерт қойып қайтты

Талқылау