Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алтын алқа иегері: Әншілер отбасыма көмектесетінін айтып,тек өздеріне абырой жинап жүрген сияқты

Алматы облысында 8 баланың анасы жарты жылдан бері  далада түнеп, бір бөлмелі үй салатын жер теліміне зар болып отыр. Балалры ойыншық пен таза киімді армандамайды да, олар күнде түнде ертек тыңдап емес, жаратушыдан үй сұрап жалбарынып ұйқыға жатады екен.

үй-мәселесі

Көктемде бірқатар әншілер  Толқынай Неметқұлованың  мәселесіне көңіл бөліп, қолдарынан келгенше көмектесетіндерін айтқан еді.  Әнші Әбдіжаппар Әлқожа жұртты жұмылдырып, бас-аяғы үш айдың ішінде далада қалған отбасыға жер алып беремін деп жұрт көзінше уәде берген еді.

Сол кездегі әншінің айтқандарын естеріңізге салсақ.

«Қазір мына азық-түлікті жеткізіп, отбасы мүшелерімен таныстым. Алдағы уақытта  Толқынай ананың атына есеп ашып, жұрттан қаржы жинайтын боламыз. Өзім бастамасы ретінде сол шотқа 500 мың саламын. Меніңше Алматы облысынан 1 миллион  теңгеге жер алуға болады»,-деген еді әнші.

Ал «Еуразия»  бірінші арнасындағы «Кешкі кездесу» бағдарламасында Айқын Төлепберген бір концертінен түскен ақшаны осы отбасына беруге уәде еткен болатын.

«Қазақта қалталы азаматтар көп. Өзіміздің де жағдайымыз жаман емес. Мен өзім осы отбасыға бір концерттен түскен қаржының барлығын беремін»,-деген еді Айқын Төлепберген.

Жұрт осындай ірі сөйлеп, жомарттық танытып сөйлеген  азаматтарды бірден жақыс көріп кеткен еді. Бірақ, бұл сөздердің барлығы сол жерлерде қалған сыңайлы. Себебі, 8 баланың анасы  бұл жігіттердің кейбірін жүз іздесе де  таппай қалғанын айтады.

«Әбдіжаппар шотымды алып кетті. Сол кезде азық-түлік алып келіп берді. ҚҰайтып хабарлассам жауап бермейді. Көмекшілері оның концерттен босамай жатқанын айтты.

Бірақ ол өз сөзінде «Ораза біткенше жер мәселесін шешеміз» деген еді. Енді ол міндетті емес қой, бірақ  жұрт алдында уәде беріп алып, орындамай кеткені ма деп қалдым. Соған қарағанда оның айтқандарының барлығы бос сөз-ау деймін.

Ал әнші Айқын бір концертінен түскен табысын берем деген болатын. Ол көмекшісі арқылы  80 мың теңге беріп жіберіпті. Онысына да үлкен рақымет. Ал «меломен» тобының жігіттері ештеңе уәде еткен жоқ. Сол журналистер арқылы кездескен кезімізде бірден 100 мың теңге ұстатты.  Бәріне де алғыс айтамын»,-деп түйіндеді 8 баланың анасы Stan.kz  тілшісіне берген сұхбатын.

Алтын алқа иегері болса  Әбдіжаппардың үзілгелі тұрған үмітін жалғап, кейіннен хабарсыз кеткеніне қайран қалып отыр.

Материалды көшіріп жариялағыңыз келсе Stan.kz  сайтының шарты бойынша редакциядан  хат түрінде рұқсат алуыңыз керек.

Оқи отырыңыздар:

Әбдіжаппар Әлқожа далада қалғалы тұрған 8 балалы отбасына көмек көрсетті (видео)

Алматы маңында «Алтын алқа» иегері сегіз баласымен далада түнеп жүр (фото)

Елбасы Астананың көрнекті жерлерін аралап, халықпен тілдесті (фото)

Тұрғындар 7 жасар баланы зорлап жатқан педофилді өлтіріп қоя жаздады (видео)

Қырымбек Көшербаев «Қазақстан барысы» жеңімпазына пәтер сыйлады

 

 

 

Талқылау