Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атышулы Байзақова өзінің қамауда болғаны, даулы видео мен екіжүзділер жөнінде айтты

The Эфир жобасының жаңа қонағы – атышулы Instagram-жұлдыз, блогер, актриса, бұрын спортшы болған – Айжан Байзақова. Өз сұхбатында ол балалық шағы мен бойжеткен кезі жайында айтты.

Айжан әрдайым мазасыз бала болыпты, ұстаздарымен де тіл табыса бермеген, ұл балалармен дос болғанды ұнатқан. Айжан өзімен қарым-қатынас жасаудың қиын екенін мойындады, ал ер адамдарға қатысты болса, сырт келбетті ғана бағаламайды. Байзақованың айтуынша, оның Instagram желісінен тыс өмірі мүлде өзгеше, алайда бірнәрсеге ұрынып, әрдайым елдің назарында болуды қалайды.

“Мен әрқашан осындай адаммын, маған істеме десе – мен барамын да, әдейі істеймін. Ал егер адам ашуланса, содан қуат аламын (…) Бірақ, жалпы айтатын болсақ, бұл әрине, жетістік, бірақ, біз қалағандай жақсы жетістік емес шығар. Мен былай атақты болуды армандаған жоқпын”, – деді Айжан. Айжан сонымен қатар, Zakova клубында болған шулы оқиға туралы айтты, қамауға алынғаны және бақытсыз махаббаты жайында және сол үшін “еркектерден кек алып жүргенін” баяндады. “Камерада өткен үш күнім үшін рақмет. Бұрын бетін ашпаған тоғыз кітапты оқып шықтым. Бәрі дұрыс болды, ешкім ұрып, соққыға жыққан жоқ. Барлығы мен шыққан соң дұрыс өмір салтын ұстанады, басылады деп ойлады, бірақ олай істесем мен, мен болмас едім”, – деді Байзақова.

Тағы да оқыңыз:

Байзақованы киноға түсірген Азамат Сатыбалды оның арсыздығына қатысты пікір білдірді

Байзақова атышулы оқиғаға қатысты өз шындығын айтты (видео)

Журналист Байзақованың шешінгеніне мәз болып, сыртынан ғайбаттаған қазақ жігіттерінің бетпердесін ашты

Талқылау