Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Байзақованы киноға түсірген Азамат Сатыбалды оның арсыздығына қатысты пікір білдірді

Түнгі клубта болған оқиғаға дейін Айжан Байзақованы көпшілік инстаргамның жалаңаш “жұлдызы” әрі спортшы ретінде танитын. Алайда оның отандық фильмде басты рөлді сомдағанын екінің бірі білмес. Иә, қыздарды шешіндіріп, ол үшін ақша төлеген Байзақова Азамат Сатыбалдының кинопродюсер ретінде тырнақалды туындысында ойнаған, деп хабарлайды Stan.kz.

“Бір сен үшін” фильмі бала сүйе алмайтын отбасы туралы әңгімелейді. Мұндағы Байзақованың рөлі өз болмысына сай. Ол түнгі клубта ішімдік ішіп, артынша отбасылы азаматпен көңіл қосады. Көп ұзамай аяғы ауырлап, ұл босанады. Сәбидің әкесі сырттағы жүрісін жасырып, бір түндік көңілдесін “суррогат-ана” ретінде таныстырады. Оның рөлін – атышулы Айжан Байзақова сомдайды.

Қоғам наразылығына сеп болған оқиғадан кейін көпшілік Азамат Сатыбалдыға Байзақова жайлы сансыз сауал жолдаған көрінеді. Елдің сынына кинопродюсердің берер жауабы мынадай:

“1. Біз, “БІР СЕН ҮШІН” деген фильмді екі жыл бұрын түсірдік. Ол кезде Байзакованың кім екенін ешкім білмейтін. Білмейтіндердің ішінде менде бармын. Бұл Айжанның үлкен кинодағы алғашқы ролі, сериалдарды санамағанда….

Ол киноға кезекті кастинг арқылы өтті. Шыны керек кастингке қатысқан барлық актрисалардан оқ бойы алда тұрды. Сценаридегі Индираның образын толық жеткізе білді. Осындай актриса тапқанымызға қуанғанымызда өтірік емес. Сенбесеңіздер киноны қайта көріп шығыңыздар. Өз ролін өте жоғары деңгейде алып шыққан.

2. Оның жеке өмірінде еш шаруам жоқ. Әркім өз өміріне өзі жауапты.
Оны әке-шешесі немесе бауырлары тәрбиелеу керек. Құр айқайдан не пайда, адам өзі түсінбесе. Күрсінесің де қоясың. Мен ер азамат ретінде,клубта жасалған әрекетті құптамаймын. Құдай сақтасын”.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Талғат Жорабаевқа қоқан-лоққы көрсеткен Төреғалидің қай “көкесі” екені анықталды (видео)

Күнім, сен сөнбеші: Атыраулық Әнелді тағы бір күрделі ота күтіп тұр

Байзақова атышулы оқиғаға қатысты өз шындығын айтты (видео)

Журналист Байзақованың шешінгеніне мәз болып, сыртынан ғайбаттаған қазақ жігіттерінің бетпердесін ашты

Астанадағы «Магнумда» шіріген мандаринге қатысты тексеру жүргізілетін болды

Талқылау