Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Байзақова атышулы оқиғаға қатысты өз шындығын айтты (видео)

50 мың теңге беріп, қыздар арасында шешінуден сайыс ұйымдастырған атышулы Байзақова өз шындығын айтты. Айтуынша, түнгі клубтағы қыздардың жалаңаштануы оның түрмеге қамалуына себеп емес, деп хабарлайды Stan.kz.

Байзақова қамауға алынған күні оның Instagram-дағы парақшасы бұғатталған. Арада бірнеше сағат өткен соң тәртіп сақшылары Айжанның қолына кісен салып, түрмеге жапқан. Алайда бұл оқиғаға шешінген қыздардың қатысы жоқ, деп ақталды Байзақова тікелей эфир кезінде.

“Қыздар шешінгендіктен емес, балағат сөз айтқандықтан мені түрмеге жапты. Бірақ менің инста-парақшам бір жыл бұрын ашылған, мен осы уақыт аралығында балағат сөздер айтып жүрмін. Тікелей эфирде темекі шегіп, арақ ішемін. Олар бір жыл бойы мені жапқысы келген. Үш күн бойы түрмеде отырғанда осыны миыма сыйғыза алмадым. Яғни, мені балағаттағаным үшін қамады. Осы нәрсе мені таңғалдырды, елдің бәрі боқтайды, әсіресе түнгі клубта. Егер қоғамдық ортада, сауда орталығында балалардың көзінше боқауыз айтсам, түсінер едім. Жақсы, мен үлкен кісілер мен видеоны көріп қалған балалар болса, солардан кешірім сұраймын. Бірақ клубта ішіп алған адамдардан не үшін кешірім сұрауым керек?” – деп түсіндірді Байзақова.

Тәнін жалаңаштап, ойына келгенін жасап жүрген Байзақова болған оқиғаны видеоға түсіріп, желіге салып жібергендерді “көртышқанға” теңеді.

“Осы жағдайдан кейін мен Қазақстандағы ең жаман адам екенімді түсіндім. Бізде ешкім шекпейді, ішпейді, балағат сөз айтпайды. Тек қана мен. Ал басқалар әулие. Расында сондай ойға қалдым”, – дейді ол.

Үш күн бойы абақтыда отырған Байзақованың ақылы кіргенге ұқсамайды. 22 жастағы бойжеткен міз бақпастан қолдаушыларының мықты екенін айтты. Әрі тікелей эфир кезінде қолынан темекісін тастамады.

“Қазір менде бәрі жақсы. Себебі мені қолдайтын адамдар жек көретіндерге қарағанда әлдеқайда мықты”, – деп мақтанды Байзақова.

Жіберіп алмаңыз:

Танымал адвокат: Байзақова еш кінәсіз қамалып шықты

Атышулы “Қалаулым” қатысушысы Ресей әншісімен төсектес болғысы келетінін айтты

Журналист Байзақованың шешінгеніне мәз болып, сыртынан ғайбаттаған қазақ жігіттерінің бетпердесін ашты

Балжан Бидаш “КешYou-дің қыздары бұзылған” деп сынағандарға жауап берді

Талқылау