Атыраулық қаңғыбас жеке куәлігін қалпына келтіріп, жұмысқа орналаса алмай жүр (видео)

Александ Кочеров есімді азамат ақшасы болмағандықтан, үш ай бойы жеке куәлігін рәсімдеп, жұмысқа орналаса алмай жүр. Бұл туралы «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Атырау облысының тумасы Александр Кочеров 2014 жылы әпкесінің үгіттеуімен 3 бөлмелі пәтерін сатып, онымен бірге Ресейге кетіпті. Алайда ол жақта азаматтық ала алмаған екен. Ал үйін сатқаннан тапқан ақшасы 3 жылдан соң таусылып, қалтасының түбі көрінгеннен кейін, әпкесі үйінен қуып шығыпты.

«2017 жылы қараша айында Атырауға қайтып келуіме тура келді. Бір тиын ақшасыз, тұрғылықты мекен-жай анықтамасы және құжатсыз қайтып келдім», – дейді Александр.

Ер адамға жан сақтау үшін тұрғын үйлердің жертөлелерінде, жылу жолының астында, тіпті кәріз құдығында түнеуге тура келіпті. Кей күндері мүлдем аш қалып, тамақты қоқыс жәшіктерінен іздейді екен.

«Мен жұмыс істеп, дұрыс жағдайда өмір сүргім келеді. Әлі жаспан. Небары 52 жастамын. Ол үшін Оралдағы елшілікке барып, ол жерден қос азаматтығым жоқ екенін растайтын анықтама алуым керек. Мұнан кейін ғана жеке куәлік алу үшін құжаттарды тапсыра аламын», – дейді Александр.

Өкінішке орай, Александрмен байланысқа шығуға мүмкіндік беретін ұялы телефоны да, тұрғылықты орны да жоқ.

Ер адамның сөзінше, қазіргі уақытта оған 32 мың теңге қажет. Оның 10 мың теңгесін Оралға барып-қайтуға жұмсаса, қалған 22 мың теңге елшіліктегі түбіртек ақысын төлеуге жұмсалады.

«Мені «Шығыс» аялдамасының аумағынан табуға болады. Сонымен қатар «Жануарлар әлемі» дүкенінде танысым Анна Георгиевна жұмыс істейді. Сол кісі арқылы таба аласыздар», – дейді Александр.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбеден табылған зергер өзінің қалай жоғалып кеткенін білмейтін болып шықты

Адасқан жігіттің тағдыры туралы айтқан теолог салафи ағымына талдау жасап берді

Жетім жігіт өзін тастап кеткен анасына арнап кеш өткізді

Астаналық бойжеткен әйгілі америкалық байқауда жеңімпаз атанды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
15.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар