Атырауда мектеп оқушылары дәлізде оқуға мәжбүр
Биыл Атырауда № 9 мектеп оқушыларын үш ауысымда оқытуға мәжбүр болып отыр.
«Үш ауысымды оқытуға көшудің басты себебі – оқушылардың мектептерде шектен тыс көптігімен байланысты болып отыр. Ол сондай-ақ демграфиялық және және миграциялық үдерістерге де байланысты. Биыл жаңа оқу жылында 112 мың бала мектепке барды. Олардың 15 мыңы бірінші сынып оқушылары. Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 4 мыңға көп. Мектептер бірінші сыныптарды 5-тен 7-ге дейінгі аралықта құруға мәжбүр»,-деді облыстық білім басқармасының жетекшісі Нұрсәуле Сайлауова.
Оқушылар кейбір сыныптарда 40-қа дейін жетеді. Осыған байланысты кең етіп салынған жаңа мектептерде сыныптарды дәлізде орналастыруға күш салуда.
Жіберіп алмаңыз:
Апалы-сіңлілі қыздарды қағып кеткен трамвай жүргізушісі екі айға қамауға алынды
Шахтинскіде психикалық ауытқуы бар 7 жасар оқушы мектептен қашып кеткен
8-қабаттан құлап мерт болған Тілеугүлдің жақындары тергеудің сылбыр жүріп жатқанына алаңдаулы
Павлодарлықтар трамвай қағып өлтірген қыздың отбасына жабылып баспана алып бермек

"Баланы тұз қосылған суға шомылдыру, омырауын сығу" сынды салттар қаншалықты дұрыс – Мамандар жауап берді
