Шахтинскіде психикалық ауытқуы бар 7 жасар оқушы мектептен қашып кеткен

Сенбі, 9 Қыркүйек , 2017 9:05

Шахтинскіде жоғалып кеткен бірінші сынып оқушысы Қарағандыдан табылды. Ол сабақ арасындағы үзіліс кезінде мектеп-интернатынан қашып кеткен болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20170908201410

Жеті жасар Расул Бакибаев мектеп аймағынан шығып өзі үшін бейтаныс қаланы аралап кеткен. Бұл Расулдың Шахтинскіге алғаш келуі, бірнеше күн бұрын Қарағанды облысы білім басқармасының медицина-психо-педагогикалық комиссиясының шешімімен, ол Жезқазғаннан осында жеткізілген болатын.

Психикалық ауытқушылыққа шалдыққан бала автобус аялдамасына дейін жүріп келіп, Қарағандыға қарай жүретін рейстік автобусқа отырып кеткен.

Ал автобус салонына жеткіншектің жалғыз отыруына кондуктордың неге мән бермегені белгісіз.

Қарағандыда автобустан түскен соң, бала вокзал аумағын шарлаған. Оны көріп қалған қарағандылықтар баланың жалғыз екенін байқап, полицияға хабарлапты.
«Мекеме болған оқиғаға қатысты жауапкершіліктен қашып отқан жоқ. Қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Ұстаздар мен тәрбиешілерден түсініктеме алдық. Школа-интернат – бұл жабық режімді мекеме емес. Үзіліс уақытында балалар интернат аумағында ойнап жүреді. 7 жасар Расул интернат аумағынан шығып кеткен соң, өзге балалар бірден тәрбиешіге хабарлаған. Педагог бірден далаға жүгіріп шыққанымен, оны таба алмаған», – деп түсіндірді арнайы мектеп-интернатының директоры Баян Сыздықова.

Атап өтетін жайт, психиқалық ауытқушылығы бар бала әлеуметтік тұрғыдан қауіпті емес.
Интернат директоры тергеу аяқталған соң, кінәлілерді жауапқа тартам деп отыр.

Жіберіп алмаңыз:

ЭКСПО-ның жабылу салтанаты қалай өтпек?

Астанада әйелін тірідей өртеп жіберген атышулы Қанат Сәдуовтың балалары әкесінен алимент төлеуді талап етті

ҚР СІМ шетелдегі қазақстандықтарға «Ирма» дауылы кезінде не істеу керектігін айтты

“Әбу-Даби Плаза” оқиғасынан соң Үндістанның 60 азаматы елден шығарылатын болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар