Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарлықтар трамвай қағып өлтірген қыздың отбасына жабылып баспана алып бермек

Еріктілер бастаған бұл шараға қазір қаланың басқа тұрғындарымен қатар жеткіншек білім алып келген мектеп ұжымы да кіріскен, деп хабарлайды КТК арнасы.

zjTDemAqARk

Сөйтіп, бір тәулік ішінде 1 жарым миллион теңге жиналған. Ал трамвай астында қалып, ауруханаға жеткізілген 8 жасар Марал әлі хал үстінде жатыр. Естеріңізге сала кетсек, апалы-сіңлілі екі оқушыны кеше трамвай таптап кеткен. Салдарынан 10 жасар Махаббат сол жерде көз жұмса, оның сіңлісі жедел ауруханаға жеткізілген еді. Марқұм жер қойнына ертең тапсырылмақ. Шаһар тұрғындары оқиға орнына гүл шоқтарын қойып, қаза тапқан қыздың туыстарына көңіл айтуда. Ал марқұм білім алып келген мектеп ішіне оның суреті ілініп, еске алу шарасы өткізілген. Жеткіншектерді таңертең мектепке аттандырған қыздардың анасы оларды жалғыз тәрбиелеп келіпті. Үш баласымен жатақхананы паналаған оның күйеуі де екі жыл бұрын қайғылы жағдайды қаза тапқан. Үздік оқушысынан айырылған ұстаздар енді отбасына пәтер алып беру үшін қолдан келгенді аямаймыз деп отыр.

«Қазір қаланың білім беру бөлімі сәрсенбі күні есеп-шот ашады. Оған осы қаланың директорлары, білім беру бөлімі, директорлардың орынбасарлары бәрі бір күндік жалақыларын осы есеп-шотқа аудармақ. Бәріміз де бір мақсат – жаңағы отбасында пәтер болмағандықтан, екі бөлмелі пәтер алып береміз бе деген үміттеміз», – дейді №4 мектеп директоры Нұржиан Бәтесова.

Талқылау