Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда бір-бірінен ажырап қалған ағайындылар 25 жылдан кейін қауышты

«Нұр Отан» партиясының Атырау облыстық филиалы ұзақ жылдар бойы бір-бірін іздеген ағайындыларды табыстырды.

скачанные файлы

Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.

Билік партиясының көмегімен қала тұрғыны Валерий Крайнов 25 жыл көрмеген ағасымен қауышты. Бұл кездесуді ол көптен күткен еді. Тоқсаныншы жылдардың басында оның ағасы Александр істі болып, жазасын өтеу үшін Ақмола облысына жөнелтіліпті. Сол тұста бауырынан қол үзіп қалған. Хабар-ошарсыз кеткен жігітті ағайын-туыстары көпке дейін таба алмаған. Валерий биыл «Нұр Отан» партиясының Атырау облыстық филиалына жүгінгенін айтты. Көп ұзамай, сүйінші хабар алғанынын қуана жеткізді.

“Мен оны іздеп «Күт мені» бағдарламасына да бердім. Анамның көзі тірі кезінде де жан-жаққа хат жолдап, көп іздедік. Бірақ ешқайдан жауап келген жоқ. Сосын іздеуді уақытша тоқтаттық. Биыл «Нұр Отан» партиясына бардым. Олар менің өтінішім бойынша көп ұзамай ағамды тауып берді. Ағамның Ақмола облысы Зеренді ауданында жұмыс істеп жатқандығын естігенде, қатты қуандым. Астанаға барып ағаммен жолықтым. Енді міне, өзі келе жатыр”, – дейді Валерий Крайнов.

Ал, жазасын өтеген Александр Крайнов құжатын жоғалтып алып, туған өлкесіне қайта алмай қалған. Ол көп жылдар бойы құрылыста жұмыс істеп, мал бағып күн көріпті. «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалы оның төлқұжатын рәсімдеуге жәрдемдескен.

Тағы да оқыңыз:

Үндістанда қазақстандық алты баланың жүрегі ауыстырылды

Оралда уағызынан соң жігіттер бірден Сирияға аттанатын «Халил шейх» сотталды

Астанада қаршадай қызды зорламақ болған педофил 15 жылға сотталды

Талқылау