Атырауда бауырын өртеніп жатқан үйден алып шыққан 5-сынып оқушысы марапатталды

Атырауда 5-сынып оқушысы бауырын өртеніп жатқан үйден алып шықты. Оқушымен қатар, 5 қабат тұрғын үйді жарылыстан аман алып қалған көршілері де құтқарушылардан алғыс хат алды.

ТЖ 29 қаңтарда Привокзальный шағын ауданында орын алған. Ләззат Құлмұрзина таңертең сағат 8-де ортаншы ұлын мектепке апарған. Ол үйден шығып кеткеннен кейін әлдененің жарылған дауысы шыққан.

Бұл туралы «Мой ГОРОД» порталына сілтеп, Stan.kz хабарлайды.

«Мен жарылған заттың даусын естідім. Бірақ ояна алмай жаттым. Мұнан кейін түтін иісі шықты. Бірден асүйге барсам, ол жер өртеніп жатыр. Перделер, қабырға өртеніп, бүкіл жерді қара түтін басқан. Мұнан соң жатын бөлмеге жүгіріп барып, Әділді көтеріп алдым да, көшеге шықтым», – дейді үлкен ұлы Әли.

Көшеде қатты тоңып, жылап тұрған балаларды тұрғындардың бірі көлікке отырғызған. Екінші қабатта тұратын көршісі Ерболат Ықсанов шу мен балалардың айқайын естіпті. Ол балалар тұратын пәтерге кіріп, өрт ошағын тауып, газ құбырын жапқан.

Атыраудағы №17 мектеп-лицейде ТЖд қызметкерлері Әлиді бауырын өрттен аман алып қалғаны үшін марапаттады. Оқушы Атырау қалалық ТЖБ бас маманы Асыланбек Хафизұлының қолынан алғыс хатын алды. Сондай-ақ, бас маман баланың көршісі Ерболат Ықсановқа да алғыс білдірді. Ол «ҚазТрансОйл» АҚ-да жұмыс істейді екен.

«Біз батырларымызға жасаған ерлігі үшін алғыс білдіргіміз келеді. Екінің бірі мұндай ерлікке бара бермейді», – дейді Асыланбек Хафизұлы.

Ал оқушының сынып жетекшісі Әлидің ақылды, үнемі көмек қолын созатын бала екенін айтты.

«Біздің мектепте мұндай ержүрек балалар оқитынына қуаныштымын. Әли ешкімді қиындықта қалдырмайды. Мұны бірнеше рет дәлелдеді. Ол жарады. Біз онымен мақтанамыз», – дейді сынып жетекшісі.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Атырауда 8 жастағы бала 2 жасар інісін өрттен құтқарып қалған еді.

Оқи отырыңыз:

Келер жылдан бастап жоғарғы сынып оқушылары төрт пәнді ағылшын тілінде оқиды

Атыраулық қаңғыбас жеке куәлігін қалпына келтіріп, жұмысқа орналаса алмай жүр (видео)

Барлық жерде Сәке-Бәкелер: Ақтөбелік зейнеткерлер мен мүгедектер биліктегілерді жемқор деп айыптады

Ақтөбеден табылған зергер өзінің қалай жоғалып кеткенін білмейтін болып шықты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
19.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар