Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда 17 жастағы қыз 11 үйді тонап кетті

Атырауда 17 жастағы қыз ҚР Қылмыстық кодексінің 188 “Ұрлық” бабы бойынша айыпталып, оның ісін мамандандырылған аудан аралық сот қараған.

8585

Сот отырысында кәмелеткен толмаған қыздың бұрын 13 үйді тонап сотты болғанын, бірақ ауызша ескертумен шектелгені мәлім болды. Бұл жолы ол 11 үйге ұрлыққа түсіп, жалпы 5 131 000 теңгені қолды қылған.

Жасөспірім кінәсін мойындап, істегеніне өкінетінін айтқан.

“Қылмыстық іс қысқартылған, процесссуалды келісім тәртібінде қаралды. Ол тағылған айыпқа байланысты үш жылға бас бостандығынан айырылады. Келтірілген материалдық шығынды оның заңды өкілі – әкесі төлеуі тиіс”, – делінген сотта.

Оқи отырыңыз:

ОҚО-да 17 жастағы қыз күйеуге шығу үшін өз үйінен қашып кеткен

Қарағанды тұрғыны мемлекеттен ұрланған көлікті сатып алған

Елімізде террорлық әрекетке барғандар ату жазасына кесілуі мүмкін

АҚШ-тан келген Димаштың жанкүйері қазақ тілін үйреніп, салт-дәстүрмен таныспақ ниетте

Талқылау