Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында “халық емшісіне” емделген әйел бірден көз жұмды

Атырауда емделушісінің қайтыс болуына байланысты “халық емшісі” бір жылға бас бостандығынан айырылды.

20141108070350

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды. Іс материалы бойынша, зардап шегушінің ұлы телефон арқылы емшімен келісіп, оған II топтағы мүгедек анасын алып баратынын айтады.

Әйел соңғы 13 жыл бойы ауыр полиартрит кесірінен төсек тартып жатқан.

“Емдеу кезінде емші әйелдің ауру аяқтарын күшпен басып, қолымен тізесінен қатты басқан. Әйел ол кезде қатты айғайлап, ауырсынғаннан есін жоғалтып, ақыры жедел жәрдем шақыруға тура келген. Ол аудандық ауруханада травматикалық шоктар көз жұмды”, – деп хабарлады сот.

Оқиғаға байланысты ҚР ҚК 104 бабы 1 бөлімі негізінде (абайсызда адам өліміне соқтыру) іс қозғалған. Айыпталушы және оның адвокаты, аудандық прокурордың қатысуымен өткен сот отырысы кезінде өз кінәсін мойындау туралы процессуалды келісім қабылданған. Махамбет аудандық соты емшіні кінәлі деп тауып, оны 1 жылға соттады. Сонымен қатар ол сараптамаға кеткен шығынның орынын толтыруы тиіс.

Оқи отырыңыз:

Ақтауда жеңіл көлік әйел адамды қағып 20 метрге дейін сүйреп кетті

Басындағы битті керосинмен улаған оқушы жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты

Алматыда ірі жол апатынан зардап шеккендердің денсаулығы туралы дәрігерлер айтып берді

Оралда депутат мұз айдынға шығып төбелесті (видео)

Талқылау