Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ата-анасының көзінше сүйіктісіне ұсыныс жасаған Төлепов қалыңдығын халыққа көрсетпейтін болды

Қайрат Нұртас Жұлдызды 10 жыл жасырса, 2014-жылы шаңырақ көтерген Төреғали, былтыр ғана балаларының анасын көпшілікке көрсеткен еді. Отандық шоу-бизнестегі «жұбайын жұрттан жасыру» эстафетасын енді Артур Төлепов қабылдап алған сияқты…

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

“Шыны керек мен өзім осы жағына қатты бір немқұрайлы қарамаймын. Өзім уайымдаймын. Сол кезде де халықтың аузында, халықтың назарына тез таралып кеткеннен кейін, сөз тиіп кетеді, көз өтіп кетеді деп қорқамын”, – дейді Артур.

Артур сүйіктісіне сезімін білдіріп, інісі Асылханның тойында оған ұсыныс жасаған еді. Төлеповтер әулетіндегі қуанышта Мәдинаға деген махаббатының шексіз екенін жеткізген сері, бұдан былай болашақ жұбайын жұрт назарынан тыс жерде ұстағанды жөн деп шешіпті. Бүгінде қызу дайындыққа кіріскен күйеу жігіт, жеке өміріндегі айтулы күнді жаз айында атап өтпек.

“Бұйырса иә, үйленетінімді, биыл тойым болатынын жасырмаймын. Бір сөзбен айтайын, тойға «мынандай» дайындықтамын!” – дейді Артур.

Дүбірлі тойға білек сыбана кіріскен Артур, шығармашылық мансабын шыңдауда да шет қалып жатқан жоқ. Актер, әнші Индира Елеместің кезекті клипіндегі басты кейіпкерді сомдап жатыр. «Телефон» деп аталатын туындының желісі атыс-шабысқа толы трюктерден тұрады.

“Жалпақ тілмен айтқанда тентек жігіт. Қазір төбелесеміз, қырғын қан болады деп жатыр. Көреміз не болатынын. Сол төбелеске дайындалдық. Әртістердің бәрін күттік. Дайындыққа бір үш сағаттай кетті. Сондықтан дайындығымыз бар. Енді тек қана камера, мотор қосылды, кеттік дегенді күтіп отырмыз”, – дейді Төлепов.

Жіберіп алмаңыз:

Мөлдір Әуелбекова Баян Мақсатқызымен болған даудың нүктесін қойды

Мейрамбек Бесбаев: Елімізден мықты футболшылар шықса деп армандаймын (фото, видео)

Отасқанымызға 10 жыл: Қайрат пен Жұлдыз үйленген күндерін Мальдив аралдарында атап өтті (фото, видео)

Қытайдың ең бай миллиардері Димаштың өнеріне қошемет көрсетті (видео)

Талқылау