Мөлдір Әуелбекова Баян Мақсатқызымен болған даудың нүктесін қойды

Кезіндегі «КешYOU»-дағы ашық-шашық» образдарын, продюсердің талабы болатын,  – деп түсіндірген Мөлдірдің сұхбаты, қазнетте қызу талқыға түскен еді. Әуелбекованың бұл сөзіне шамданған Баян да, желіде өз жауабын берді. Десек те ұстаз бен шәкірт арасындағы текетірес оң шешімін тапқандай…

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Иә, бұл батыл образдарымен көзге түскен «Кешьюдің» кешегі келбеті еді. Жылдар жылжып, уақыт сырғыған сайын, аталмыш қыздар ұжымының да сахналық костюмдері бүтінделе бастады. Мөлдір мұндай киімді Баянның талабымен киідік деген соң, қос тарап әлеуметтік желіде ашық айқасқа шыққан еді. Бұл екеуінің алғашқы жанжалы емес, сондықтан Әуелбекованың мұндай жайттарға еті үйренгені қашан…

«Сабыр – ақыл серігі» – деп отыра беремін. Үйреншікті жағдай. Өнер болғаннан кейін ондай бола береді. Ол әрдайым болған нәрсе. Көңіл-күйіме ешқандай тигенде жоқ, тимейді де. Мен айтып тұрмын ғой, өзіммен-өзім шығармашылығыммен айналысып жүрген адаммын”, – дейді Әуелбекова.

«Бірақ, Баян жайлы жағымсыз пікір білдіруден аулақпын» – деп отыр Мөлдір. Десек те, дүйім жұртқа танытқан ұстазы туралы талай мәрте сұхбат бергенімен, жағымды жаңалықты жеткізуде БАҚ өкілдері сараңдық танытып келген көрінеді.

“Мен өзімнің ұстазымды қаншама осы, алты жылдан бері мақтап келе жатырмын. Мені ол кісіден кеткеннен кейін, бірнеше продюсер өзіне жұмыс жасайық деп шақырған болатын. Мен сол кісілерге де жауап айтқанмын: «Менің продюсерімнен артық ешкім артық үйрете алмайды. Мен үшін мықты, ең үлкен мектеп» – деп талай сұхбаттарда айтылды. Бірақ, оның барлығын ешкім естімейді де, көрсетпейді де”, – дейді Мөлдір.

Қазіргі таңда Әуелбекова да әншілікпен қатар, продсерлік пен ұстаздыққа бет бұрған. «Назар» деп аталатын гелзбендке жетекшілік ететін «Кешьюдің» экс-мүшесі, қол астындағы қыздар ұжымының тұңғыш бейнебаянын таспалауда.

“Бейнеклип сюжеттік. Бізді бір образда көретін боласыздар! Бұл клипіміздің сюжеті анасынан айырылған балалардың, көрген қиыншылықтары туралы көрсетіледі бейнебаянда”, – дейді “Назар” тобының қыздары.

Жіберіп алмаңыз:

Мейрамбек Бесбаев: Елімізден мықты футболшылар шықса деп армандаймын (фото, видео)

Отасқанымызға 10 жыл: Қайрат пен Жұлдыз үйленген күндерін Мальдив аралдарында атап өтті (фото, видео)

Қытайдың ең бай миллиардері Димаштың өнеріне қошемет көрсетті (видео)

Баян Алагөзова Меруерт Түсіпбаеваның шағымына жауап берді

Баян Алагөзова: Мөлдірдің көзіне қарап шындықты айтудан ұялмаймын

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар